Astana Hub-тың қолдауымен ашылған «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебі екі жылдық жұмысын қорытындылады. Осы уақыт аралығында елорда мен өңірлердегі кампустарға 34 мыңнан астам өтінім түссе, 80-нен аса студент оқуды аяқтамай тұрып-ақ IT саласында жұмысқа орналасты. Бүгінде аталмыш жоба Қазақстан бойынша кампустар желісін кеңейтіп, бағдарламалау мен жасанды интеллект бағытында тегін білім алуға мүмкіндік жасап отыр.
Tomorrow School 2024 жылдың 21 қазанында ашылды. Жобаны Astana Hub және alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының экожүйесінде Alem.ai Foundation қоры жүзеге асыруда. Оқуға түсу үшін үміткерлерден арнайы білім немесе бағдарламалау бойынша бұған дейінгі тәжірибе талап етілмейді.
«Заманауи технологиялық білім алу мүмкіндігі адамның тұрғылықты жері мен бұған дейінгі мамандығына тәуелді болмағанын қалаймыз. Tomorrow School жобасын өңірлерде дамыта отырып, біз азаматтардың IT және жасанды интеллект дағдыларын меңгеруіне, пікірлестер ортасын табуына және өздерінің IT-шешімдерін жасап шығаруына қолайлы орта қалыптастырып жатырмыз. Мұндай мүмкіндіктердің Қазақстанның түкпір-түкпірінде қолжетімді болуы – біз үшін өте маңызды», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Валерия Те.
Екі жылдың ішінде елордадағы кампусқа 24 мыңнан астам өтінім түсті. «Бассейн» деп аталатын іріктеу интенсивінен 2 100-ден астам үміткер өтті. Бүгінде Астанадағы негізгі курста 493 студент білім алып жатыр. Олардың орташа жасы – 27. Оқитындардың қатарында жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыс істеп жүрген мамандар, фрилансерлер және IT саласына бет бұрған түрлі мамандық иелері бар. Мұнда қазақстандықтардан бөлек, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, АҚШ және Германия азаматтары да білім алуда.
Негізгі бағдарлама 18 айға арналған және 50-ден астам практикалық жобаны қамтиды. Студенттер алгоритмдерді, backend-әзірлеуді және Go, Python, JavaScript бағдарламалау тілдерін меңгеріп, одан әрі машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу, үлкен тілдік модельдер және ұсынымдық жүйелер бағыттарын тереңдете оқиды.
Tomorrow School-дағы оқыту процесі толығымен практикалық тапсырмаларға негізделген. Студенттер шешімді өз бетінше табуға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге және жобаны нақты нәтижеге жеткізуге машықтанады. Олардың меңгерген технологияларын нақты жұмыс барысында қалай қолдану қажеттігін түсінуі және бұл дағдыларды оқып жүріп-ақ кәсіби тұрғыда даму үшін кәдеге жаратуы – біз үшін өте маңызды», – деді Tomorrow School Astana кеңсесінің басшысы Олжас Уразалин.
80-нен астам студент оқуды аяқтамай тұрып-ақ IT саласында жұмысқа орналасып үлгерді. Мектепте оқитындардың қатарында тағылымдамадан өтушілер мен Junior-әзірлеушілер, Senior деңгейіндегі мамандар, команда жетекшілері, техникалық директорлар және өз компаниясының негізін қалаушылар бар.
Алған дағдыларды тәжірибе жүзінде сәтті қолданудың айқын бір мысалы – HackAlem AI хакатонында «Логистика» бағыты бойынша бірінші орынды иеленген Нұрлан Дүйсембаевтың «Умный Закуп» жобасы. Байқауға жеке өзі қатысқан Нұрлан 5 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық пен 5 000 долларлық OpenAI токенін жеңіп алды.
«Умный Закуп» жүйесі бизнес өкілдеріне қандай тауарға, қанша көлемде және қашан тапсырыс беру қажеттігін дәл анықтауға көмектеседі. Жүйе сатылым көрсеткіштерін, қоймадағы қалдықты, жолда келе жатқан тауарларды, маусымдық сұраныс пен ірі тапсырыстарды сараптай отырып, сатып алу маманына арналған басым міндеттер тізімін әзірлеп береді. Мұндай оңтайлы тәсіл тауар тапшылығының алдын алуға және қоймада артық қордың жиналып қалуын болдырмауға септігін тигізеді.
Tomorrow School-дағы мен үшін ең құнды дүние – тәжірибе жүзінде үйрену мүмкіндігі. Әрбір жобада тапсырманың мәнін өзің ұғынып, шешімін табуың және оның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тексеруің қажет. Егер бірдеңе ойдағыдай шықпаса, мәселені басқа студенттермен талқылап, түрлі тәсілдерді байқап көреміз. Осылайша бірте-бірте бойыңда сенімділік қалыптасады: алған біліміңді қолданып, өзіндік жаңа дүние жасап шығара алатыныңды түсінесің», – дейді Tomorrow School студенті Элеонора Лигай.
Tomorrow School жобасын дамытудың келесі кезеңі – университеттер, колледждер мен IT-хабтар базасында өңірлік желіні кеңейту. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Өңірлік кампустар Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл, сондай-ақ Жетісу мен Абай облыстарында және Шымкент қаласында жұмыс істеп жатыр. Аталған кампустарға 10 мыңнан астам өтінім түсіп, қатысушылар саны 2 мыңнан асты.
Tomorrow School-дың өңірлік желісін дамыту технологиялық кадрларды даярлауға және жергілікті IT-қауымдастықтарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл кампустар жаңа мамандық меңгеріп, өз өнімдерін әзірлеп жатқан, сондай-ақ алған дағдыларын туған өңірінің мәселелерін шешуге қолдана алатын қатысушылардың басын біріктіреді.
Tomorrow School жобасын одан әрі дамыту – Қазақстанның барлық аймағында IT және жасанды интеллект бағытында білім алу мүмкіндігін кеңейтуге әрі технологиялық қауымдастықтар қалыптастыруға бағытталған. Бұл жоба азаматтардың сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне, жаңа мамандық игеруіне және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетін арттыруына жол аша отырып, еліміздің адами капиталын дамытуға сүбелі үлес қосады. Осындай мамандарды даярлау – экономиканың түрлі салаларына жасанды интеллектіні енгізу және отандық технологиялық өнімдерді әзірлеу үшін мықты кадрлық негіз қалыптастырады.