«Clinical Solutions» ЖШС Astana Hub мүшесі болды

Компанияның негізін қалаушысы - Беларусьтік nPhase Systems компаниясының өкілі Сергей Кирпиченок.


Компания OpenClinica, ClinCapture, REDCap Cloud сияқты медициналық зерттеулерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, компания Data Lake Engines негізінде тиімді есеп беру және талдау жүйелерін жасайды. Компанияның ерекшелігі – REDCapCloud үлкен жобасы, оны дайындау үшін команда 6 жыл бойы жұмыс істеуде.

Компанияның Беларусьтегі кеңселері Минск, Витебск, Гомель және Гродно сияқты қалаларда орналасқан. Clinical Solutions командасының мүшелері - Беларусь, Польша, Румыния және Ресейден жұмыс жасап жатқан әзірлеушілер.

Қазақстанда компания коммерциялық дамуда тәжірибесі бар кәсіпқойларды тартуды жоспарлап отыр және қазірдің өзінде Senior Java инженерлері мен Python инженерін іздеуде.

«Қазақстан біз үшін жаңа аймақ, оны игереміз деп үміттенеміз. Сізде жақсы мамандар көп деп естідім. Біз бәсекеге қабілетті жұмыс орындарын құруды көздеп отырмыз үшін де тиімді. Мен өзім Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын, келгеніме екі айға жуық уақыт болды. Қазақстаннан алған әсерім тек оң. Барлығы мейірімді және қонақжай», - деді «Clinical Solutions» ЖШС бас директоры Сергей Кирпиченок.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Astana Hub-қа 85 компания мүше болды, оның 16-сы шетелдік қатысуымен.

Еске салайық, Astana Hub резиденциясы стартапқа келесі жеңілдіктерді береді: салықтық және визалық жеңілдіктер, халықаралық сарапшылардың семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысу, жеке кеңестер алу және стартаптар үшін трекшн-кездесулерге қатысу. Сондай-ақ, Қазақстан тағылымдамадан өтушілер мен Astana Hub бағдарламаларына қатысушыларға 180 күнге дейін B7 визасын береді. Қазақстанда визалардың жіктелуі туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқыңыз.

Айта кету керек, ІТ-экожүйенің дамуы Жаңа Қазақстанның ең маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, оның жолы жаңару мен жаңғырту арқылы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы IT саласының дамуының маңызды рөлін бірнеше рет атап өтіп, бұл салада Astana Hub-тың ерекше рөлін атап өтті.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін