AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Astana Hub Draper University-мен бірлесе отырып, қазақстандық технологиялық стартаптарға арналған Draper Founders Challenge питч-байқауын өткізді. Іріктеуден өткен он команда сарапшылар алқасына өз жобаларын таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталып, олардың өкілдері Кремний алқабына жолдама алды. Енді олар Draper University ұйымдастыратын Hero Training 2027 бағдарламасына қатысады.
«Қазақстандық стартаптар үшін Draper Founders Challenge байқауына қатысу — халықаралық тәжірибе жинап, жаһандық нарыққа нық қадам басу мүмкіндігі. Қазіргі таңда стартап негізін қалаушыларға мықты өнім жасап шығарумен шектелмей, оның ауқымын Қазақстаннан тыс жерлерде кеңейте білу, халықаралық серіктестер мен инвесторлар табу өте маңызды. Hero Training 2027 бағдарламасынан өтіп, Кремний алқабының экожүйесіне бойлау — жеңімпаздарға кәсіби байланыстарын арттыруға, тың тәжірибе жинап, өз жобаларын халықаралық қауымдастыққа таныстыруға жол ашады. Отандық технологиялық компанияларға осындай жағдай жасау және олардың жаһандық деңгейге шығуына қолдау көрсету – Astana Hub үшін өте маңызды», — деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскембаев.
Draper Founders Challenge байқауы қазақстандық технологиялық кәсіпкерлерді қолдауға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және стартаптардың жаһандық нарықта ауқымын кеңейтуіне тың мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Байқауға 10 стартап қатысты:
- Scano — Аружан Ахмедова, тең құрылтайшы және операциялық директор;
- HubTalk AI — Виталий Акулов, бас директор;
- Basira Intelligence — Ғалымжан Жантөре, техникалық директор;
- BEST Vision — Алексей Владимиров, негізін қалаушы;
- ARLAN BIOTECH — Болат Сұлтанқұлов, бас директор;
- Tumar One — Бекарыс Қаби, негізін қалаушы және бас директор;
- Flection.ai — Алекс Пак, негізін қалаушы және бас директор;
- Cortex AI — Асылжан Абдуллаев, бас директор;
- SOTA Sport — Тахи Омаров, негізін қалаушы және бас директор;
- SKILLPASS — Дәулетбек Кәрімов, тең құрылтайшы.
Әр командаға жобасын таныстыру үшін 3 минут, ал қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут уақыт берілді. Стартаптар өз өнімдерін таныстырып, бизнес-модельдері, нарықтағы әлеуеті және жоба ауқымын одан әрі кеңейту жоспарлары туралы баяндады.
Жобаларды Draper University венчурлық экожүйені дамыту жөніндегі вице-президенті Крис Джоанну, Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскембаев, Astana Hub Ventures CEO-сы Айдана Бергазденова және Activat VC CEO-сы Мейржан Есімханов бағалады.
«Біз өнімді дамытумен қатар, оны халықаралық нарықта қалай масштабтауға болатынын ойлайтын мықты командаларды көрдік. Стартап үшін өз шешімінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін мүмкіндігінше ертерек тексеріп, ішкі нарықтан тыс клиенттермен және инвесторлармен байланыс орнату аса маңызды. Мұндай байқаулар негізін қалаушыларға кері байланыс алуға және өсудің келесі кезеңіне өту үшін қандай қадамдар қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді», — деді Draper University венчурлық экожүйені дамыту жөніндегі вице-президенті Крис Джоанну.
«Жобаларды бағалау кезінде біз тек технологиялық құрамдас бөлігіне ғана емес, команданың мәселені, өз клиентін және нарықты қаншалықты жақсы түсінетініне де назар аудардық. Инвестор үшін расталған сұраныс, масштабтау әлеуеті және команданың жылдам өсу қабілеті маңызды. Ұсынылған бірқатар жобадан осы факторлардың үйлесімін және халықаралық нарықтарға одан әрі шығу әлеуетін көрдік», — деді Astana Hub Ventures CEO-сы Айдана Бергазденова.
Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша BEST Vision бас жеңімпаз атанып, Draper University-дің Hero Training акселерациялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Тағы үш стартап — ARLAN BIOTECH, Cortex AI және HubTalk AI — Кремний алқабында Draper University-дің екі апталық қысқамерзімді бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болды.
Бағдарламалар қатысушыларға Кремний алқабының экожүйесіне енуге, халықаралық стартап-қоғамдастықпен танысуға және кәсіби байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Draper Founders Challenge байқауындағы жеңіс және Hero Training бағдарламасынан өту мүмкіндігі — BEST Vision-ды дамытудағы маңызды қадам. Біз өнімді жетілдіру, халықаралық байланыстарды кеңейту және жаңа нарықтарға шығуға дайындалу үшін Кремний алқабының тәжірибесі мен сараптамасын пайдалануды жоспарлап отырмыз», — деді BEST Vision негізін қалаушысы Алексей Владимиров.
«Draper Founders Challenge бізге өнімімізді халықаралық сарапшыларға таныстырып, оның әлеуеті туралы құнды пікір алуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе компанияны масштабтаудың келесі қадамдарын айқындауға көмектеседі», — деді ARLAN BIOTECH бас директоры Болат Сұлтанқұлов.
«Жаһандық нарыққа шығу үшін мықты технологиямен қатар халықаралық сараптама да қажет. Draper Founders Challenge бізге кәсіби байланыстарымызды кеңейтіп, өнімді дамытудың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді», — деді Cortex AI бас директоры Асылжан Абдуллаев.
Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұру мүмкіндігіне ие болды. Бағдарламаға қатысу жоба негізін қалаушыларға Кремний алқабының экожүйесіне бойлап, халықаралық стартап-қауымдастықпен танысуға және кәсіби байланыстарын кеңейтуге жол ашады.
Бұдан бөлек, Astana Hub жеңімпаздарға Draper University-дің Hero Training 2027 акселерациялық бағдарламасына қатысуға жол ашты.
Draper Founders Challenge байқауына кемінде MVP немесе одан жоғары деңгейдегі меншікті өнімі мен шешімі бар қазақстандық технологиялық стартаптар қатысты. Байқау бағыттары қатарында: Physical AI, роботтехника және C-UAS, биотехнология және Life Sciences, кванттық есептеулер, SpaceTech, DefenseTech, авиация және аэроғарыш технологиялары, FinTech, MedTech, HealthTech және SportTech, өнеркәсіптік және биоөндіріс, сондай-ақ логистика, көлік және инфрақұрылым салалары қамтылды.
Іріктеудің басты талаптарының бірі — нарықтағы сұраныстың нақты дәлелденуі. Атап айтқанда, алғашқы пайдаланушылар немесе клиенттердің болуы, пилоттық жобалар, кіріс көзі, алдын ала тапсырыстар, ниет хаты (LOI) немесе өнімнің өзектілігін растайтын өзге де көрсеткіштер ескерілді.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.