Astana Hub қатысушысы Grand Games «õzen» музыкалық платформасымен бірлесіп, Grand Mobile мобильді ойынындағы Grand Radio жобасын дамытуда. Бұл ойын ішіндегі радионың композициялары жасанды интеллект көмегімен жасалады.
2026 жылғы 30 тамызда іске қосылғаннан бері тректер миллионнан астам тыңдалым жинаған. Ал желтоқсан айында команда ойын ішінде жаңа музыкалық сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. Онда тақырыптық топтамалар ұсынылып, лүпіл басу мүмкіндігі және виртуалды әртістердің парақшалары қолжетімді болмақ.
Grand Radio ойын барысына толықтай енгізілген: пайдаланушылар музыка қосып, өз қалауына қарай түрлі радиостанцияларды таңдай алады. Grand Mobile-дің ішкі статистикасы бойынша, соңғы бір айда радионы 33 мыңға жуық ойыншы тыңдаған, ал 3 мыңға тарта пайдаланушы оны күнделікті қосады.
Бұл жоба Grand Games-тің ойын өнімдерін әзірлеудегі және õzen-нің Қазақстанның заманауи музыка индустриясын дамытудағы тәжірибесін сәтті ұштастырды.
«õzen Қазақстанның заманауи музыка индустриясын дамытуда көп ретте ізашар болды. Біз де Grand Mobile-да өз саламызда жаңа мүмкіндіктер ашуға ұмтыламыз. Сондықтан түрлі индустриялардағы қалыптасқан қағидаларды өзгертіп жүрген компаниялардың күш біріктіріп, өз аудиториясына арнап тың дүние жасап шығарғаны ерекше қуантады», — деп атап өтті Grand Games негізін қалаушы әрі CEO-сы Роман Линейцев.
Ең көп сұранысқа ие бағыттардың бірі фонк жанры болды: Grand Radio-дағы барлық тыңдалымның 41%-ы NeedRaw FM радиостанциясына тиесілі. Ал «Redline Ritual» композициясы 68 мың тыңдалым жинады. Жақын арада ойында тағы екі станция — афробит жанрындағы TROPICANO FM және драм-н-бейс бағытындағы Drift ’N’ Bass пайда болады.
«Grand Mobile-мен серіктестік орнату — біз үшін музыкалық форматтармен тәжірибе жасап, ауқымды ойын экожүйесі аясында ең батыл идеяларымызды жүзеге асыруға берілген зор мүмкіндік. Біз музыканы, технологиялар мен жасанды интеллектті тоғыстырудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз және аудиториямен байланыс орнатудың жаңа форматтарын жасауға қуаныштымыз. Grand Radio — бірлескен жұмысымыздың бастамасы ғана екеніне, алда бізді әлі талай қызықты жобалар күтіп тұрғанына сенімдімін», — деп атап өтті õzen музыкалық платформасының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн.
Grand Radio-ны одан әрі дамыту барысында өз бейнесі мен хикаясы бар жүргізушілерді, диджейлерді және виртуалды орындаушыларды жасау көзделіп отыр. 2026 жылдың желтоқсанында Grand Mobile-дің ойын планшетінде музыкалық сервисті іске қосу жоспарлануда. Бұл жаңалық көлік радиосынан тыс тыңдау мүмкіндігін кеңейтіп, пайдаланушыларға тақырыптық топтамаларды таңдауға, ұнаған тректерге лүпіл басуға және виртуалды әртістердің парақшаларын қарауға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта команда қазақстандық орындаушылардың туындыларын да орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл әртістерге, компания мәліметінше айына 6 миллионнан астам пайдаланушыны қамтитын Grand Mobile аудиториясына өз шығармашылығын кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
«ЖИ-радио — тек алғашқы қадам. Алдағы уақытта біз қазақстандық әртістерге өз музыкасын Grand Mobile аудиториясына тікелей таныстыруға мүмкіндік бергіміз келеді, ал бұл — айына 6 миллионнан астам пайдаланушы деген сөз. Мәселен, олардың тректерін тікелей ойын ішінде тыңдауға болатындай жағдай жасау», — деп бөлісті Grand Games-тің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Александр Язовский.
Grand Games — негізі Қазақстаннан бастау алған, әлемдік аудиторияға арнап ойын өнімдерін әзірлейтін халықаралық IT-компания. Команда 20-дан астам ел мамандарының басын біріктіреді. Компания жобаларының бірі — Grand Mobile. Бұл — пайдаланушылар бір-бірімен байланыс орнатып, жеке ойын хикаяларын дамыта алатын ашық виртуалды әлемі бар мобильді ойын.