zypl.ai қаржы секторы үшін жасанды интеллектке негізделген шешімдер әзірлейді. Тартылған инвестиция компания дамуының маңызды кезеңіне айналып, оның технологиялық платформасына және халықаралық нарықтағы әлеуетіне деген сенімнің артып келе жатқанын айшықтайдыі.
Хофиз Шахиди – Өзбекстан, Тәжікстан және Пәкістан нарықтарында жұмыс істейтін жетекші финтех-компания Alif Capital Holdings-тің ірі акционерлерінің бірі. Ол венчурлік капитал, жеке инвестициялар және қаржылық қызметтер саласында мол тәжірибеге ие.
zypl.ai – халықаралық Silkway Accelerator акселерациялық бағдарламасының түлегі және Astana Hub Ventures портфельдік компаниясы. Стартап синтетикалық деректер мен қаржылық модельдеуге негізделген генеративті AI-шешімдерін қаржы ұйымдары үшін дамытып келеді.
Команда сирек кездесетін және стандартты емес сценарийлерде синтетикалық деректерді генерациялауға арналған zGAN атты өзіндік генеративті модель әзірледі. Бұл тәсіл макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында да AI-модельдердің жоғары дәлдігін сақтауға мүмкіндік береді.
zGAN моделі Lucid платформасына біріктірілген. Бұл – zypl.ai әзірлеген no-code шешім. Платформа қаржы ұйымдарына кредиттік скоринг, алаяқтықты анықтау, берешекпен жұмыс істеу, маркетинг және басқа да міндеттер үшін AI-модельдерді өз бетінше құрып, енгізуге мүмкіндік береді.