AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында AI & Digital Bridge Awards жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Astana Hub қатысушылары сыйлықтың жеті аталымының төртеуінде топ жарды. Атап айтқанда, GoPrep, Aventa, Higgsfield AI және Ozen жобалары үздік деп танылып, марапатқа ие болды.
International breakthrough of the year аталымында «Higgsfield Ltd.» компаниясының Higgsfield AI жобасы жеңіске жетті. Бұл марапат халықаралық нарықта айтарлықтай жетістікке жетіп, жаһандық ауқымда өсудің зор әлеуетін дәлелдеген технологиялық ұжымдарға беріледі.
EdTech project of the year бағыты бойынша «Aleem Labs» әзірлеген GoPrep платформасы жеңді. Аталған жүлде озық тәсілдер арқылы оқыту жүйесі мен ағарту саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан өнімдерді марапаттайды.
Corporate AI-transformation of the year санатында «Qazcode» ұсынған Aventa үздік деп танылды. Бұл шешім жасанды интеллектіні бизнес-процестерге, қызметтер мен өнімдерге сәтті кіріктіріп, нақты әрі өлшенетін нәтижеге қол жеткізгені үшін бағаланды.
Creative industry project of the year аталымында «OZEN XO» компаниясының Ozen бастамасы топ жарды. Ол технология мен шығармашылықты ұтымды ұштастырып, креативті индустрияда тың форматтарды өркендеткені үшін арнайы сыйлыққа бұйырды.
Өзге бағыттарда «ҰАТ» АҚ әзірлеген eGov.GPT — GovTech project of the year, Rette стартапы — Startup of the year, ал MA7 Ventures қоры — VC of the year мәртебесіне ие болып, жеңімпаздар қатарын толықтырды.
AI & Digital Bridge Awards 2026 байқауы мемлекеттік технологиялар, білім беру, стартаптар, корпоративтік AI-трансформация, халықаралық даму, венчурлық инвестиция және креативті индустрия атаулы жеті бағытты қамтыды. Бұл марапат цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен инновациялық экожүйені дамытуға сүбелі үлес қосқан жобаларға, компаниялар мен командаларға табысталды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.