AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы алаңында Astana Hub-тың Gamepreneurs акселерациялық бағдарламасына қатысушылар үшін сарапшылар сыны өтті. Тоғыз команда өздерінің ойын жобаларын ойын студияларының өкілдері мен сала сарапшыларына таныстырды.
Питчинг 3 қазан күні Pitch Point алаңында өтті. Қатысушылар өз әзірлемелерін көрсетіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жобаларын қорытынды Demo Day-ге дайындау бойынша ұсыныстар алды.
Питчингте келесі жобалар таныстырылды:
- Pushup RPG — Relife Studio жобасы;
- Shadow Over Bishkek — Fish Run Games студиясының жобасы;
- Spark — No Mad Games студиясының жобасы;
- Tower Hero: Dragon Battle — Elbow Group командасының жобасы;
- Chess Royal — аттас команданың жобасы;
- What's Behind the Slime Factory? — Forgotten Kittens командасының жобасы;
- Sector YAMA — SY Productions командасының жобасы;
- Bush Escape — аттас команданың жобасы;
- PolyCity — TECHSTEPPE командасының жобасы.
«Gamepreneurs бағдарламасы ойын әзірлеуші командаларға жобаларын нарыққа шығаруға қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында әзірлеушілер тәлімгерлермен жұмыс істеп, ойындарын жетілдіреді және баспагерлермен келіссөздер жүргізуге дайындалады. Ал AI & Digital Bridge форумына қатысу оларға осы уақытқа дейінгі нәтижелерін кәсіби қауымдастыққа таныстырып, алдағы жұмыстарына қажетті ұсыныстар алуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Astana Hub Технологиялық орталықтар кеңсесінің директоры Анарбек Өтеғұлов.
Сессияға Creata Games компаниясының өнімдер жөніндегі басшысы (Head of Products) Роман Таганов модераторлық етті. Қазылар алқасының құрамына Lipsar студиясының арт-директоры Сергей Сыскин, Mytona продюсері Ираклий Петров, Cyber Temple бизнесті дамыту жөніндегі директоры Олжас Ақпаров және Omnium жобалар менеджері Григорий Иванов кірді.
«Әзірлеушілер үшін ойынға қатысты кері байланысты мүмкіндігінше ерте алған өте маңызды. Мұндай сессияларда ойын механикасын, жобаның таныстырылуын және команданың жоспарларын талқылауға болады. Сарапшылардың ұсыныстары релизге дейін нені жетілдіру керектігін және баспагерлермен өтетін кездесулерге дайындалу барысында неге басты назар аудару қажеттігін түсінуге көмектеседі», — деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі, Mytona продюсері Ираклий Петров.
Форум аясында Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 22 студияның басын қосқан GameDev көрме аймағы жұмыс істеді. Олардың қатарында көрмеге көпшілікке таныстыруға дайын нұсқаларымен іріктеліп алынған 11 Gamepreneurs жобасы болды. Келушілер жаңа ойындарды компьютерлер мен мобильді құрылғыларда сынап көріп, әзірлеуші командалармен танысуға және өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Форумнан кейін қатысушылар сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, өз жобаларын әрі қарай жетілдіреді және акселерация қорытындысы таныстырылатын негізгі Demo Day шарасына дайындалады.
Gamepreneurs — акселерационная программа Astana Hub для игровых проектов. Первый поток стартовал в сентябре 2026 года. Программа проходит в гибридном формате и включает работу с отраслевыми менторами.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.