Бұл тәсіл көмектің әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Úmit.asia платформасында тексеру мен ашықтықтың көпсатылы жүйесі енгізілген: әрбір отбасы деректері мен құжаттары бойынша міндетті тексеруден өтеді, оның ішінде еріктілер жүргізетін көшпелі тексеру де бар. Барлық әрекет жүйеде тіркеліп отырады. Бұл көрсетілген қолдаудың ашық әрі қайта қарауға болатын тарихын қалыптастырып, көмек көрсетушілердің сенімін арттыра түседі.
Жоба өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ата-аналар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қамтылады.
Жобаның негізін қалаушы – Максим Марченко, MAXICO IT-компаниясының директоры және Astana Hub қатысушысы. Ол Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдарында 10 жылдан астам ерікті болып, пандемия, су тасқыны мен өрт кезінде қол ұшын созған.
«IT саласында 18 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеймін және технологиялар адамдарға нақты пайда әкелуі керек деп ойлаймын. Ерікті болып жүргенде үнемі мына жағдайдың куәгері болдым: түрлі қор бір отбасыға бір уақытта көмек көрсетеді, ал көрші отырған жанұя мүлде қолдау алмай қалады. Úmit.asia дәл осы мәселені шешу үшін құрылды. Бұл – кімнің көмекке мұқтаж, кім көмектесуге дайын және қандай көмек көрсетілгенін көрсететін ортақ платформа. Біз мұқтаж жандарға үміт сыйлап, көмектескісі келетіндерге сенімді әрі түсінікті жүйе ұсынамыз. Қатарымызға қосылыңыздар, көп түкірсе – көл болар», – дейді Максим Марченко.

Платформа сұраулар мен ұсыныстарды автоматты түрде сәйкестендіріп, қорлар мен еріктілер байланысын үйлестіріп, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге арналған арнайы режимді қамтиды. Өрт, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайларға байланысты өтінімдер басымдыққа ие болып, көмекті алдымен аса қажет жерлерге жедел бағыттауға мүмкіндік береді.
Жаңа жыл қарсаңында команда платформаның нақты жағдайдағы жұмысын және атаулы көмектің негізгі тетіктерін сынақтан өткізу үшін Secret Santa пилоттық жобасын іске қосты.
2026 жылы жоба командасы платформаның мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Úmit.asia сайтында өз білім-тәжірибесімен көмектесуге дайын мамандарға арналған (заңгерлер, мұғалімдер, дәрігерлер) бөлім, сондай-ақ еріктілерге арналған мобильді қосымша іске қосылады. Жоба Қазақстанның барлық өңірін қамтуды көздеп отыр, ал деректерді қорғау үшін блокчейн технологиясы енгізіледі. Бұл көрсетілген көмектің тарихын өзгертуге немесе қолдан жасауға жол бермей, деректердің адалдығын қамтамасыз етеді.
Пилоттық жобаға қатысу және көмек көрсетуге арналған өтінімді таңдау үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://umit.asia/secret-santa.