Биыл 700 базалық станция орнату жоспарланған

Digital Bridge форумы аясындағы «5G: цифрлық трансформация драйвері» панельдік сессиясы барысында Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол сондай-ақ базалық станцияларды орнатуда радиофобтардың кедергі келтіріп отырғанын алға татты.


«Сондықтан, рәсімді оңайлату мақсатында депутаттармен бірлесіп «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізуді қарастырып жатырмыз, оған сәйкес кондоминиумды басқару органы үйдің төбесіне жабдық орнату туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл келісім алу процесін жеңілдетуі тиіс. Көптеген тәсілдер жүзеге асырылуда. Мысалы, пилоттық режимде электронды дауыс беру арқылы «қолдау» немесе «қарсы» дауыстары бар QR код іске қосылды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп базалық станциялардың сәулеленуінің рұқсат етілген деңгейі бойынша нормативтерді қайта қарау мақсатында базалық станциялар жұмысының адам денсаулығына әсерін зерделеу бойынша ұлттық зерттеуді бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Ержан Мейрамов.

Айта кетейік,  Digital Bridge форумы аясында өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларының жартысынан көбі 5G-ге қосылатын болады, деп мәлімдеді.

«Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады», - деді Б.Мусин.

Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі   IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтыды: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, шетелдік спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі, стартаптар Аллеясы, Astana Hub Battle ірі стартаптар додасы, сонымен қатар корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC Zone, аймақтық IT-хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтті.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance. 

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

ждем релиз

Жауап беру

Круто, будем ждать реализации и пользоваться с удовольствием

Жауап беру