AI Month аясында Гиннесс рекордын орнатқан ең ірі HackAlem AI хакатонының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау рәсімі NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанның Астанаға жасаған сапары бағдарламасының бір бөлігі болды.
HackAlem AI жеңімпаздары Дженсен Хуанмен тікелей кездесіп, естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Марапаттау рәсімі Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы басты оқиғаларды біріктірген ауқымды AI Month шарасының қорытынды іс-шарасына айналды.
2026 жылғы 23 қыркүйекте өткен HackAlem AI 2 415 қатысушының басын қосып, жасанды интеллект саласындағы хакатонға қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS рекордын орнатты. Ұсынылған 1 066 жобаның ішінен сарапшылар финалға шыққан 60 жобаны таңдап алды, ал олардың үздік әзірлемелері 16 қазанда өткен Demo Day кезінде таныстырылды.
Негізгі тректердің жеңімпаздары
Телекоммуникациялар
1 орын — PalliPalli — Beeline компаниясына арналған PalliPalli solution, тарифтік науқандар агенті.
2 орын — Flora — тарифтік маркетинг науқандарының агенті.
3 орын — andreidev — Campaign Cockpit, байланыс операторына қай клиентке қандай тариф ұсыну керектігін анықтайтын және өз гипотезаларын тексеретін жасанды интеллект көмекшісі.
Қаржы саласы
1 орын — TAMYR — «Ақша графы», аударымдар графын тұрғызып, қатысушылардың рөлін анықтайтын және бірінші болып кімді тексеру керектігін көрсететін AML-аналитикке арналған құрал.
2 орын — UNRU AI — MoneyGraph Investigator, тексеру үшін басым түйіндерді бөліп көрсететін және олардың рөлдері туралы гипотезаларды түсіндіретін ақша аударымдары желісін талдау жүйесі.
3 орын — Neverlose — байланыстар графын тұрғызатын, қатысушылардың рөлдері туралы гипотезалар ұсынатын және тексерулерді басымдыққа бөлуге көмектесетін ақша аударымдарын талдау жүйесі.
Логистика
1 орын — Light — «Ақылды сатып алу», тауар тапшылығын сатылымды тоқтатпай тұрып болжайтын жүйе.
2 орын — ShoqanTandau — маусымдылықты, тапшылықты және жолдағы тауарды ескере отырып, 1С деректері негізінде жеткізушілерге тапсырыстарды бірнеше секундта қалыптастыратын сервис.
3 орын — GrimStack — сұранысты, қалдықтарды және жолдағы тауарды ескере отырып, 1С жүйесінің деректері негізінде әрбір SKU бойынша тапсырыстарды есептейтін сатып алу менеджеріне арналған сервис.
Сауда саласы
1 орын — Zhigitter — Комплект AI, электротехника дүкеніне арналған, тауарларды таңдап, клиентті расталған себетке дейін сүйемелдейтін жасанды интеллект сатылым көмекшісі.
2 орын — SAQ Digital — EKT көмекшісі, мәтін, фото немесе спецификация бойынша электр тауарларын таңдайтын, бағасы мен қоймада барын көрсететін және себетті жинайтын жасанды интеллект көмекшісі.
3 орын — Survae — электротауарлар дүкеніне арналған, сатып алушының тапсырмасын нақтылайтын, каталог бойынша жиынтық құрастыратын және расталғаннан кейін оны себетке қосатын жасанды интеллект кеңесшісі.
Инновациялар
1 орын — KaskyrAlmaty — Хаттама, қазақ және орыс тілдеріндегі жиналыстарды тапсырмалары, орындаушылары және мерзімдері көрсетілген хаттамаға айналдыратын сервис.
2 орын — BBC — Хаттама, қазақ және орыс тілдеріндегі жиналыс жазбаларын тапсырмалары мен мерзімдері бар хаттаманың қараламасына айналдыратын жергілікті жасанды интеллект көмекшісі.
3 орын — Alabala – ToU — QORIT — қазақ және орыс тілдеріндегі жиналыстардың аудиожазбаларын тапсырмалары мен мерзімдері көрсетілген хаттамаларға түрлендіретін қосымша.
Энергетика
1 орын — Gjgj — Wind48, ауа райын бақылап, қате болжамдарды сүзгіден өткізетін және диспетчерге шешімдердің түсіндірмесі бар дайын тәуліктік жоспарды ұсынатын жасанды интеллект агенті.
2 орын — RentBox — WindCast, күн сайын жаңа ауа райы болжамдарын жинайтын және алдағы 24–48 сағатқа арналған турбиналардың өндірісіне сағаттық болжам беретін автономды жүйе.
3 орын — KAYO — күн сайын жел станциясының екі тәулікке арналған сағаттық өндіріс болжамын жасайтын жасанды интеллект агенті.
Коммуникациялар
1 орын — DIR ECHOES — 40 сценарийдің ішінен қажеттісін таңдайтын, деректерді жинайтын және қажет болған жағдайда клиентті операторға бағыттайтын дауыстық сақтандыру көмекшісі.
2 орын — doter — сақтандыру саласына арналған дауыстық жасанды интеллект агенті.
3 орын — Latex — орыс және қазақ тілдерін түсінетін және 40 сценарийдің бірін таңдайтын сақтандыру компаниясының контакт-орталығына арналған гибридті дауыстық жасанды интеллект агенті.
Білім беру саласы
1 орын — GhostTech — бизнеске қатысты тапсырмалары бар кәсіпкерлерді жобаларға үн қосатын студенттік топтармен байланыстыратын жергілікті MVP сервис.
2 орын — Larda — жасанды интеллект бизнеске міндеттерді тұжырымдауға көмектесетін, ал студенттік топтар оларды шешіп, портфолиосын толықтыратын платформа.
3 орын — archibalt — бизнес өз міндетін өз сөзімен сипаттайтын, ал жүйе түсінікті техникалық тапсырма құрып, студенттік топты табуға көмектесетін платформа.
Басқару
1 орын — AIVIOM — Career Quest, мақсатты лауазым үшін жетіспейтін дағдыларды анықтайтын және дербес оқу траекториясын құратын жасанды интеллект навигаторы.
2 орын — Sudack — Career Quest, қызметкерлерге даму қадамдарын таңдауға, ал HR мамандарына команда бойынша жалпы көріністі көруге көмектесетін мансаптық жасанды интеллект навигаторы.
3 орын — Meta Juniors — Career Quest, қызметкерлерге мансаптық даму қадамдарын ұсынатын және HR мамандарына команданың дағдылар тапшылығын көрсететін жасанды интеллект навигаторы.
Креативті индустриялар
1 орын — ITshich — QALAU, таңдау себебін түсіндіре отырып, үш нұсқаға дейін ұсынатын іс-шаралар агрегаторына арналған мердігерлерді іріктеу сервисе.
2 орын — «The Power of Dreams» — Join City, Қазақстандағы іс-шараларға арналған түсіндірмелері бар үш нұсқаға дейін ұсынатын мердігерлерді таңдау сервисе.
3 орын — VibeOps — тапсырыс берушінің талаптарын нақтылайтын және таңдау себебін түсіндіре отырып, каталогтан іс-шараға арналған үш мердігерге дейін таңдайтын жасанды интеллект көмекшісі.
Арнайы тректердің жеңімпаздары
Astana Innovations
1 орын — Ascension — қаланы басқаруға арналған интерактивті AI-симулятор: бюджет шеңберінде бес іс-шараны жүзеге асыру және олардың Астананың бес ауданына әсері.
2 орын — Astra the best — «5 сағаттағы әкім», 10 млрд ₸ бюджетті бес іс-шараға бөліп бөлу қажет 3D картадағы Астананы басқарудың оқу симуляторы.
3 орын — Lossless — Астана аудандарының даму стратегиялары арасында бюджетті бөлуге және олардың өмір сүру сапасына әсерін бағалауға мүмкіндік беретін қалалық шешімдердің AI-симуляторы.
Astana Innovations трегі бойынша ақшалай жүлде қоры $10 000 құрады: 1-орын үшін — $5000, 2-орын үшін — $3 000 және 3-орын үшін — $2 000.
Қазақтелеком
1 орын — Singularity — OrgDiff, ұйымдық құрылым мен функционалды талдайтын жасанды интеллект агенті.
2 орын — Optimus — OrgScope, ұйымдық құрылым туралы ережелерді реорганизацияға дейін және кейін салыстыратын, функциялардың жоғалуын және қайталануын анықтайтын жасанды интеллект агенті.
3 орын — Amazing Guys — Kontur, ұйымдық құжаттарды реорганизацияға дейін және кейін салыстырып, функциялардың жоғалуын, қайталануын және рөлдердің қақтығысын анықтайтын жасанды интеллект сервиse.
«Қазақтелеком» арнайы трегінде жеңімпаздар жалпы құны $10 000 болатын AI-Farabium суперкомпьютерінің есептеу ресурстарына қолжетімкіндік алады: 1-орын үшін — $5 000, 2-орын үшін — $3 000 және 3-орын үшін — $2 000.
NVIDIA арнайы жүлделері
HackAlem AI қатысушыларына NVIDIA компаниясы жеке арнайы жүлделер табыстады. Компания локалды AI шешімдері мен жасанды интеллект технологияларын қолданғаны үшін үш команданы атап өтті.
NVIDIA Sovereign AI номинациясында орыс және қазақ тілдерін танитын меншікті сөй тану моделі мен толығымен офлайн режимде жұмыс істейтін локалды LLM әзірлеген BBC командасы жеңімпаз атанды. Команда NVIDIA DGX Spark шағын компьютерімен марапатталды.
NVIDIA Accelerated AI номинациясында NVIDIA NeMo көмегімен дайындалған меншікті тану моделін, CUDA негізіндегі NeMo диаризациясын және llama.cpp арқылы Gemma 12B моделін қолданған Alabala – ToU командасы жеңімпаз атанды. Команда NVIDIA DGX Spark шағын компьютерімен марапатталды.
NVIDIA Vision & Generative AI номинациясында Singularity командасы марапатталды. Олардың шешімі бұлттық сервистер мен API кілттерін қолданмай, скандар мен кескіндерді офлайн режимде тану үшін ONNX форматтағы PaddleOCR көмегімен жергілікті компьютерлік көру технологиясын пайдаланады. Командаға NVIDIA GeForce RTX 5080 видеокартасы табысталды.
HackAlem AI 10 негізгі трегінің жүлде қоры 200 мың долларды құрады: оның ішінде Astana Hub ұсынған 100 мың доллар ақшалай жүлде және OpenAI ұсынған 100 мың доллар көлеміндегі технологиялық ресурстар бар. Сондай-ақ қосымша жүлделер Astana Innovations және «Қазақтелеком» арнайы тректері аясында қарастырылған.
HackAlem AI Қазақстан мен өзге елдердің технологиялық қоуымдастығының басын қосып, AI Month бағдарламасының басты бастамаларының біріне айналды. Хакатон қатысушылары OpenAI, NVIDIA және Arizona State University компаниялары мен университеттерінен жалпы құны 1,5 миллион долларға дейінгі технологиялық және білім беру ресурстарына қол жеткізді.
HackAlem AI ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Arizona State University, Palo Alto Networks, MSSP.GLOBAL және «Романовский продукт».
HackAlem AI демеушілері: «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, Beeline Казахстан және Firebird Inc.