Astana Hub-та Scalerator бағдарламасына қабылдау жүріп жатыр

Astana Hub халықаралық технопаркі MCI немесе Scale сатысындағы IT-жобаларға арналған Scalerator акселерациялық бағдарламасына өтінімдерді қабылдап жатыр.


Scalerator экспорттық акселераторы стартаптарға АҚШ, Еуропа, ТМД елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты жаңа нарықтарға шығуға жол ашып, бүкіл әлем бойынша компаниялармен келісім-шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Scalerator бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 23 сәуіріне дейін қабылданады, бағдарлама 15 мамырда басталады.

Бағдарламаға Astana Hub-та тіркелген, сондай-ақ Product Market Fit – үнемі сатылым кезеңіндегі немесе Scale – сәтті масштабталу сатысындағы IT-стартаптар өтінім бере алады.

Төрт айға созылатын қарқынды бағдарлама екі блоктан тұрады:

  • Тәжірибелік тапсырмаларды, нарықты талдауды, нарықтың мақсатты сегменттерін, өнімнің қаптамасын, Linked-In, веб, кіріс арқылы тұтынушыларды іздеуді қамтитын оқу блогы.
  • Экспортты қалыптастыруды, аймақтағы жетекші трекерлердің нұсқауларын, лидогенерация, тестілеуді, сатуды қамтитын Sales-track.

 

Scalerator қорытындысы бойынша Demo Day ұйымдастырылады, онда стартап-жобалар инвесторлар мен бизнес-періштелерге өз жобаларын таныстырады.

Еске салсақ, Scalerator бағдарламасын 140+ түлек сәтті аяқтады, қатысушылардың келісім-шарттары бойынша сату және алдын ала сату $1,3 млн құрады, 50+ экспорттық келісім-шартқа қол қойылып, $500 мың инвестиция тартылды.

Scalerator бағдарламасы түлектерінің жетістігімен  Astana Hub платформасында танысуға болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін