Astana Hub-та Орталық Азиядағы алғашқы blockchain оқиғасы – BNB Chain Connect өтті

2024 жылғы 3 сәуірде Astana Hub халықаралық технопаркі алаңында BNB Chain Connect іс-шараларының жаһандық сериясы шеңберінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жиын Орталық Азия өңірінде цифрлық экономиканы дамыту мақсатында блокчейн-технологиялар саласында білім, тәжірибе және идеялармен алмасуға бағытталған.


BNB Connect  – Web3 және блокчейн кеңістігіндегі негізгі көшбасшылар, құрылтайшылар мен әзірлеушілер арасында байланыс орнатуға бағытталған бастама. Бұл BNB Chain мен Қазақстан технологиялық қауымдастығы арасындағы стратегиялық ниеттестік. Мұнда саланың ағымдағы мәселелері мен даму перспективаларын талқылау көзделген. 

«Біз Орталық Азия аумағында BNB Chain-нің алғашқы іс-шаралар сериясын өткізгенімізге қуаныштымыз. Бұл – қатысушылардың кең ауқымына арналған бірегей мүмкіндік. Атап айтқанда, бастама Web3 саласына енді аяқ басқандар мен тәжірибелі пайдаланушыларға, әзірлеушілер мен кәсіпкерлерге білім алуға және өңірдегі блокчейн-технологиясының қарқынды дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға септігін тигізеді», – деп атап өтті Astana Hub технологиялық орталықтарын дамыту офисінің директоры Валерия Те.

Іс-шара аясында цифрлық технологиялар саласында іскерлік байланыс пен серіктестік орнатуға үлес қосатын пікірталастар мен желілік сессиялар өтті. Спикерлер өз тәжірибелерін ортаға салып, блокчейн технологияларын дамыту перспективалары және бұл бағыттағы жеке жобаларды жүзеге асырудың оңтайлы тетіктері туралы айтты.

«Бүгінде BNB Chain – венчурлық капиталдандыру көлемі 80 млрд доллардан асатын ең танымал блокчейндердің бірі. Бұл – ауқымды қауымдастық. Мұнда түрлі идеяны жүзеге асыруға және жобаға белсенді пайдаланушыларды тартуға мүмкіндік бар. Күн өткен сайын көптеген ресурсы мен материалдары бар BNB Chain жоба әзірлеудің тартымды алаңына айналып жатыр. Мәселен, сіз токен жасап, оны орталықтандырылмаған алмастырғышта 8 минут ішінде тексере аласыз. Кез келген адам токеніңізді сатып ала немесе сата алады. Осылайша, BNB Chain-де тез әрі жылдам құрастыруға болатынына көз жеткіземіз», деп атап өтті Enoda және BNB Chain Martian компаниясының блокчейн-инженері Ерасыл Аманбек.

Сондай-ақ, іс-шарада BNB Chain экожүйесі қауымдастығының жетекші сәулетшісі Тосун Али Атик, BNB chain шешімдерінің аға сәулетшісі Джимми Чао, Blockchain Professionals-тегі Web3 DevRel, EPAM Алихан Талипов және блокчейн саласының басқа сарапшылары баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шараны BNB Chain жетекші блокчейн экожүйесі Astana Hub халықаралық технопаркі және блокчейн орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 Анықтама:

BNB Chain туралы

BNB Chain - бұл Web3 қабылдаудағы кедергілерді жоюға бағытталған қауымдастық басқаратын блокчейн экожүйесі.

  1. BNB SmartChain (BSC): барлық EVM үйлесімді L1 арасында ең төменгі газ комиссиясы бар қауіпсіз DeFi орталығы; экожүйені басқару тізбегі ретінде қызмет етеді.
  2. opBNB: L2-ның масштабталуы, кез келген L2-мен салыстырғанда ең төменгі газ ақысын қамтамасыз етеді.
  3. BNB Greenfield: экожүйенің сұранысын орталықтандырылмаған қоймада өтеп, пайдаланушыларға жеке деректер нарығын құруға мүмкіндік береді.

 Astana Hub туралы

Astana Hub – IT-стартаптарға арналған халықаралық технопарк, онда жоғары технологиялық компанияларды тіркеу, дамыту және жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасалған.

Blockchain орталығы туралы

Blockchain Center – блокчейн индустриясында адам капиталын дамытуға, тұрақты және сенімді экожүйені құруға, Орталық Азияда және одан тыс жерлерде блокчейн технологиясының өсуін ынталандыруға бағытталған зертхана.

 

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Contact Daniel for your crypto wallet recovery or credit repair, this is my testimony as a result of his service earlier this year, I contacted Daniel when I forgot the password to my wallet with over $860,000 worth of btc, I was on the verge of depression when I came across a review about Daniel on Quora and I reached out to him, for a fair price my account was recovered, I don’t even know how he managed to pull that off cause I’m still mind blown by it, I also introduced my friend Lisa to him for credit repair and he helped boost her credit score from 488 to 710, do reach out to Daniel via Danielkencyberservices@gmail.com and his phone number is 3213480606 if you need help.

Жауап беру