Сессия барысында спикерлер жасанды интеллектінің қарқынды дамуы мен оның әлемдік нарыққа ықпалын, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті технологиялық өнімдер жасай алатын елге айналу әлеуетін талқылады. Олар Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымы дамығанын, қоғамның технологиялық жаңалықтарды тез қабылдайтынын және елдің халықаралық ІТ-командалар үшін тартымды хабқа айналу амбициясы бар екенін атап өтті.
«Бізді қазір “Digital by default” ұлт деп атауға болады. Халық кез келген цифрлық жаңалықты тез меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануға бейім. Мен цифрлық бетбұрыстың болғанын 2018 жылы байқадым: базарлардың өзінде қолма-қол ақшадан гөрі онлайн аударымдарды пайдалану кең етек жайды. Бұл – цифрлық мәдениетіміздің жоғары деңгейінің айқын белгісі», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Даниил және Давид Либерман – ойын индустриясы, медиа және технология салаларында жұмыс істеген, АҚШ-та ірі компаниялармен әріптестік орнатқан, халықаралық деңгейдегі белгілі кәсіпкерлер және инвесторлар. Brothers Ventures арқылы олар стартап-экожүйені дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Ағайынды Либерман көздеген басты мақсаттарының бірі – технологияларды тек ірі бизнестің емес, бүкіл қоғамның игілігіне айналдыру.
«Калифорнияда отырып, шынайы жағдайды сезу қиын. Қазақстанға келгенде көптеген процестердің – мемлекеттік қызметтерден бастап базалық цифрландыруға дейін – АҚШ-тан озық тұрғанын көрдім. Google, NVIDIA немесе Intel секілді гиганттарды есептемегенде, АҚШ-тың көптеген салалары әлі ескі жүйемен өмір сүріп келеді. Бүгінде барлық мемлекеттің алдында тұрған басты мәселе – кең ауқымды есептеу ресурстарына қол жеткізу. Кім осы ресурстарды қамтамасыз ете алса, сол бүкіл әлем қолданатын технологиялық шешімдер әзірлей алады», – деді Brothers Ventures компаниясының негізін қалаушы Даниил Либерман.

Қазақстанға сапары аясында Даниил Либерман сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығымен жүздесіп, «Қазақтелеком» АҚ және «Самұрық-Қазына» қорының командаларымен техникалық сессиялар өткізді.

Даниил Либерманның Astana Hub-қа келуі Қазақстанның халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге және AI-экожүйесін танымал етуге бағытталған маңызды қадам болды. Ол Fireside Chat-ке қатысып қана қоймай, елдің технологиялық әлеуетін көрсететін жобалар мен инновациялық кеңістіктермен танысты.

Қонақ Қазақстанда жасанды интеллект экожүйесін дамытуға арналған alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында болды. Мұнда оған жасанды интеллект тарихы мен эволюциясын көрсететін Сингулярлық музейі, 180° панорамалы проекциясы бар, ЖИ жасайтын контент көрсетілетін әлемдегі тұңғыш иммерсивті AI Cinema сынды бірқатар кеңістік таныстырылды.

Сонымен қатар Даниил Либерманға халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеген қазақстандық жобалар ұсынылды:
-
Surfaice – бөлшек сауда дүкендерін жобалауға арналған жасанды интеллектіге негізделген операциялық жүйе;
-
nFactorial.School – ІТ саласына қажетті дағдыларды үйрететін, менторлық және тәжірибелік бағдарламалар арқылы студенттерді кәсіби ортаға дайындайтын онлайн-буткемп;
-
Outpeer.kz – Data Science, аналитика және Python бағыттары бойынша ІТ-мамандарды дайындайтын платформа;
-
Axellero – бағдарламалау дағдыларын қажет етпейтін, жасанды интеллект ассистенті бар low-code платформасын жасайтын қазақстандық стартап;
-
USTEM Foundation – Қазақстанда STEM-білімді робототехника, инженерлік бағыт және оқушыларға арналған жарыстар арқылы дамытатын қоғамдық қор.