Олеся Самарова мен Евгений Адамов сынды сарапшылар қатысушыларға ішкі жұмыс процестерді қалай дұрыс құру, delivery-ді жеделдету және өнімдік командаларда тиімді жұмыс істеу жолдарын түсіндірді.
“Astana Hub-та алғаш рет Scrum School жобасын іске қостық. Мақсатымыз – бүкіл технологиялық қауымдастықта тиімді тәсілдерді кеңінен танымал ету. 500-ден аса өтінім мен 100-ден астам қатысушы – Қазақстанда жүйелі және өнімдік ойлауға деген сұраныстың қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Agile бүгінде менеджерлерге де, әзірлеушілерге де, аналитиктерге, продакт-менеджерлерге және топ-менеджментке қажет. Мұны қатысушылар құрамы айқын көрсетті: студенттерден бастап ірі компаниялардың басшыларына дейін. 2026 жылы осы бағыттағы оқу бағдарламаларын одан әрі күшейтуді жалғастырамыз”, – деді Astana Hub-тың AI және Agile трансформация жөніндегі директоры Айгерім Жаркын.
Интенсив тек білім беру шарасы ғана емес, сонымен қатар қауымдастықты бір жерге тоғыстырған ортаға айналды. Өйткені түрлі салалар, буындар және дайындық деңгейлері осы алаңда тоғысты. Көптеген қатысушы Agile құралдарының жұмыс процесін дәл қазір, осында-ақ өзгерте алатынын алғаш рет көргенін айтты: коммуникацияны жақсарту, келісімдерге кететін уақытты қысқарту және командаларға нәтижеге жылдамырақ жетуге көмектесу мүмкіндігі айқын байқалды.