Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Astana Hub-тың ЖИ саласындағы стартаптарды құруға және дамытуға бағытталған AI’preneurs халықаралық акселерациялық бағдарламасының алтыншы легіне арналған Open Day ұйымдастырылды.
Жиын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді, әзірлеушілерді және жасанды интеллект бағытында өнім шығарғысы келетін әр саланың мамандарын жинады. Қатысушылар бағдарламаның 6-кезеңі, акселерация барысы мен іріктеу шарттары туралы толық мәлімет алып, AI’preneurs ұйымдастырушылары мен түлектеріне өз сауалдарын жолдады.
Іс-шараның шымылдығын Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскенбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол бағдарламаның технологиялық кәсіпкерлікті өркендетудегі және келешегі зор ЖИ өнімдерін жасаудағы рөліне тоқталды.
Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Ашимбек Абилгазинов AI’preneurs 6-легін таныстырып, акселерация барысын жіті түсіндірді. Жиын барысында қатысушылар іріктеу шарттары, команда құру, гипотезаларды тексеру, MVP жасау және алғашқы тұтынушылармен жұмыс істеу тәсілдері туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі «AI’preneurs: дейінгі және кейінгі өмір» тақырыбындағы панельдік сессия болды. Бағдарлама түлектері акселераторға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, команда жинау, өнім әзірлеу және стартаптарын әрі қарай дамыту жолдары туралы әңгімеледі.
Open Day соңы нетворкинг-сессияға ұласты. Онда қонақтар Astana Hub өкілдерімен, ұйымдастырушылар мен бағдарлама түлектерімен еркін тілдесіп, өзара байланыс орнатты және болашақ жобалардың идеяларын талқылады.
AI’preneurs — Astana Hub ұйымдастырған жасанды интеллект бағытындағы халықаралық стартап-акселератор. Бағдарлама әр саланың мамандарын біріктіріп, идеядан нарыққа шыққанға дейінгі толық жолдан — команда жинаудан бастап өнім жасап, оны тексеруден өткізуге дейін қолдау көрсетеді.