alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында гуманоид робототехника және Embodied AI саласына арналған QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 мамандандырылған форумы өтті. Бұл шара – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 16-17 шілдеде Шанхайға жасаған жұмыс сапары барысындағы келісімдердің іс жүзіндегі нақты нәтижесі. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және QAZBOT Technologies бірлесіп ұйымдастырды. Форумға халықаралық деңгейдегі басты қатысушы ретінде гуманоид роботтар шығаратын әлемдік жетекші компаниялардың бірі — AgiBot қатысты.
Форум алаңында мемлекеттік органдар, технологиялық компаниялар, бизнес өкілдері мен халықаралық сарапшылар қауымдастығы бас қосты.
Жиын қатысушылары робототехника жүйелерінің өндірісін оқшаулау, бағдарламалық жасақтама мен AI-модельдерді әзірлеу, R&D және Data Factory бағыттарын дамыту, инженер мамандарды даярлау, сондай-ақ пилоттық жобаларды іске қосу мәселелерін талқылады. Ал шараның көрме бөлімінде қонақтар гуманоид роботтардың қабілетін тамашалап, олардың орындауындағы «Қара жорға» биі мен жауынгерлік өнер элементтеріне куә болды.
«Мемлекет басшысының Шанхайға жасаған жұмыс сапары жоғары технологиялар саласындағы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына тың серпін берді. QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы – сол сапарда қол жеткізілген келісімдердің іс жүзіндегі нақты көріністерінің бірі. Жетекші технологиялық компаниялармен байланысымыздың нақты жобаларға, яғни шешімдерді оқшаулауға, инженер мамандарды даярлауға және экономиканың негізгі салаларына робототехниканы енгізу ісіне ұласуы біз үшін өте маңызды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Жазсанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Гиззат Байтұрсынов.
Форум аясында Astana Hub, QAZBOT Technologies және AgiBot компаниялары ұзақмерзімді технологиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат робототехникалық шешімдерді оқшаулауды, тәжірибе алмасуды, мамандар даярлауды және қазақстандық кәсіпорындарға арналған пилоттық жобаларды пысықтауды көздейді.
Іскерлік бағдарламаның басты шарасы «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» тақырыбындағы пленарлық сессия болды. Жиын барысында AgiBot, QAZBOT Technologies және өзге де халықаралық компаниялардың сарапшылары роботтарды өнеркәсіп, логистика, қызмет көрсету, денсаулық сақтау және қала инфрақұрылымында қолданудың нақты тәжірибелік жолдарын талқылады.
Жабық B2B-кездесулер аясында QAZBOT Technologies және AgiBot өкілдері қазақстандық компаниялармен кәсіпорындардың қажеттіліктері мен пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін талқылады. Іскерлік кездесулердің серіктестері мен қатысушылары қатарында — «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, «Astana Innovations» АҚ, Astana International University, Master of Robots, сондай-ақ Өзбекстан мен Грузия өкілдері бар. Бірқатар ұйымдармен технологиялар, білім беру және халықаралық ынтымақтастық салаларында екіжақты және үшжақты келісімдерге қол қойылды.
QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 жаһандық технологияларды жалаң таныстырып қана қоймай, оларды іс жүзінде енгізуге және Қазақстанда Robotics & AI саласының дербес экожүйесін қалыптастыруға жол ашқан негізгі алаңға айналды.