Астанада «AI Month» шарасы аясында жаһандық технология көшбасшылары саналатын OpenAI және NVIDIA компанияларының қатысуымен әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі басталды. «HackAlem AI» GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатуға бағытталған ресми шара ретінде тіркелді.
«Біз үшін HackAlem AI – дарынды жастарды, озық технологиялар мен экономиканың нақты міндеттерін бір арнаға тоғыстыратын бірегей мүмкіндік. Қатысушылар еліміздің жетекші компаниялары ұсынған өндірістік мәселелерді шешумен айналысып, бизнес пен негізгі салаларға қажетті шешімдерді әзірледі. Басты мақсатымыз – Қазақстанда талант, технология және нақты сектордың сұранысы бір ортада ұштасатын экожүйе қалыптастыру. Жобалардың ішіндегі ең үздіктері идея мен прототиптен бастап, оны сынақтан өткізіп, өндіріске енгізуге дейінгі толық жолдан өтуі аса маңызды. Технологиялық командалар мен өнеркәсіп саласының дәл осындай тығыз байланысы арқылы ғана жаһандық нарықта бәсекеге түсе алатын жаңа өнімдер мен компаниялар дүниеге келеді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
«Бүгінде жасанды интеллект мемлекеттер мен экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі технологиялардың біріне айналды. Қазақстан үшін тек дайын шешімдерді ғана енгізіп қоймай, әзірлеушілердің, зерттеушілер мен технологиялық кәсіпкерлердің төл ортасын қалыптастыру өте маңызды. HackAlem AI жастарымызға нақты тапсырмалармен жұмыс істеп, өз шешімдерін жасап шығаруға және баға жетпес тәжірибе жинауға жол ашады. Бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен университет студенттерінің белсенді атсалысқаны ерекше қуантады. Дәл осындай жобалар арқылы біз болашақтың технологияларын басқа жақта емес, өзімізде – Қазақстанда жасай алатын мамандардың жаңа буынын қалыптастырамыз», — деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Қатысушылар небәрі бес сағаттың ішінде он түрлі бағыт бойынша AI-шешімдер әзірлеп шықты. Олар: энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникация, логистика, креативті индустрия, білім беру, инновация, коммуникация және сауда. Әзірлеушілер, студенттер, жас мамандар мен IT-энтузиастар бизнес, мемлекет және экономиканың негізгі салаларындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жасанды интеллект жобаларын жасаумен айналысты.
«HackAlem AI – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас әзірлеушілер, студенттер мен AI-энтузиастардың басын қосқан ауқымды алаңға айналды. Хакатонға 21 мемлекеттен 2 500 адам, оның ішінде 129 университеттің студенттері қатысты. Әрбір қатысушы OpenAI және NVIDIA сынды жаһандық көшбасшылардың технологиялық ресурстарын еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Біз үшін Қазақстандағы талантты жастарға жол ашу, олардың білім мен озық технологияларды игеруіне жағдай жасау және құрғақ идеяларын нақты өнімге айналдыруға қолдау көрсету аса маңызды. Жас әзірлеушілердің бұл байқаудан жай ғана алғашқы тәжірибесін жинақтап қайтқанын емес, жаһандық нарыққа шыға алатын бәсекеге қабілетті шешімдер жасағанын қалаймыз. Қазақстанның технологиялық көшбасшыларының жаңа буыны дәл осындай бастамалар арқылы қалыптасады», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Хакатон қатысушыларына OpenAI, NVIDIA және Аризона мемлекеттік университеті (АҚШ) ұсынған, жалпы құны 1,5 миллион долларға дейін жететін технологиялық және білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігі берілді.
«HackAlem AI – жай ғана ең ірі Agentic AI хакатоны емес. Бұл өңіріміздің бүгінде қандай ауқымды мүмкіндіктерге жол аша алатынын көрсететін маңызды шара. Біз бұл хакатонның Guinness World Records әлемдік рекордын орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқанын алғаш рет ресми түрде мәлімдеп отырмыз. Жобаға OpenAI, NVIDIA, Palo Alto Networks, Firebird және Аризона мемлекеттік университеті сияқты жаһандық технологиялық серіктестердің атсалысуы — Қазақстан мен Орталық Еуразияның әлемдік AI-экожүйеге барынша терең кірігіп жатқанының айқын көрсеткіші. Silkroad Innovation Hub-тың негізгі миссиясы – аймағымыздағы дарындарға, командалар мен компанияларға жаһандық технологияларды, білім мен серіктестіктерді игеруге жол ашу. HackAlem AI – дәл осындай бірегей мүмкіндік, яғни өз өңірімізде отырып әлемдік деңгейдегі маңызды жобаларды дүниеге әкелу», — деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы әрі бас директоры (CEO) Әсет Әбдуәлиев.
Үздік AI-шешімдердің авторлары 200 мың доллар көлеміндегі жүлде қорын өзара бөліседі. Оның 100 мың доллары технологиялық ресурстар түрінде берілсе, қалған 100 мың долларын Astana Hub ұсынады. Жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімі «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумының сахнасында өтеді.
Технологиялық және білім алу мүмкіндіктерінен бөлек, қатысушыларға HackAlem AI-дің фирмалық мерчі мен атаулы сертификаттары табысталды. Сондай-ақ, хакатон әзірлеушілердің, технологиялық командалар мен халықаралық AI-қауымдастық өкілдерінің басын қосқан үлкен кәсіби нетворкинг алаңына айналды.
«HackAlem AI – жай ғана іс-шара емес. Оның артында Қазақстанда жылдар бойы қалыптасқан және бүгінде мыңдаған әзірлеушінің басын қосқан үлкен технологиялық қауымдастық тұр. Енді осы қауымдастықтың өз алдына жеке цифрлық инфрақұрылымы бар. Осындай ауқымдағы хакатонды өткізу үшін біз жарыстың толық циклін және мыңдаған қатысушының бір уақытта еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатын арнайы платформа жасап шығардық. Алайда оның көздеген мақсаты бір ғана шарамен шектелмейді: алдағы уақытта бұл платформада жаңа хакатондар ұйымдастырылады, компаниялар нақты технологиялық міндеттер қоя алады, ал әзірленген жобалар одан әрі дамып, нарыққа шығуға мүмкіндік алады. Жасанды интеллект дәуірінде хакатонда туындаған идеяның толыққанды өнімге айналу жолы барған сайын қысқарып келеді. Сондықтан бүгінгі HackAlem AI-дің бізге қалдырар мұрасы – әлемдік рекорд қана емес, Қазақстанның технологиялық дамуына тұрақты қызмет ететін тұтас экожүйе, яғни қуатты қауымдастық пен инфрақұрылым болмақ», — деп атап өтті Blockchain & AI Technology Center (BAITC) негізін қалаушы әрі бас директоры (CEO) Айдана Қасқырбек.
Әлемдік рекордты жаңарту процесі Guinness World Records ұйымының барлық талабына толық сай жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушылардың нақты санын бақылау жүйесі жұмыс істеді: олар тіркеуден өтті, ал ғимаратқа кіріп-шығу уақыты жеке бейдждерді сканерлеу арқылы жазылды. Секторлардағы тәртіптің бұзылмауына стюардтар жауапты болды. Рекордты тіркеу кезінде белгіленген ережелерді бұлжытпай орындап, хакатон уақытында жобамен тікелей жұмыс істеген адамдар ғана саналды. Байқаудың соңғы қорытындысы рекордты растайтын арнайы процедуралар толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.
«HackAlem AI» байқауы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған «AI Month» шарасының шымылдығын ашты. «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумы қарсаңында өтіп жатқан бұл айлық жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған маңызды іс-шаралар тізбегін қамтиды.
HackAlem AI байқауының ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), «Романовский продукт», AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Аризона мемлекеттік университеті, Palo Alto Networks және MSSP.GLOBAL.
HackAlem AI байқауының демеушілері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), Firebird Inc. және «Beeline Қазақстан».