Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қонақтарға экскурсия өткізіп, Қазақстанның IT-экожүйесін, технопарк қызметін және IT-стартаптардың жетістіктерін таныстырды.
Astana Hub технопаркінің қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1500-тен астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің қатысуымен. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.
2018 жылы ресми іске қосылғаннан бері Astana Hub халықаралық технопаркі Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық хабқа айналды. Осы уақыт ішінде технопарк қатысушыларының IT-экспортының көлемі 819 миллион долларға жетіп, 274,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, жалпы кіріс 1,1 трлн теңгені құрады, ашылған жұмыс орындарының саны 28 мыңнан асты.
Astana Hub экожүйесімен танысу конференцияның маңызды бөлігіне айналды. Мұнда делегаттарға цифрлық технологиялар саласындағы қазіргі трендтер, Қазақстанның IT-экспорты және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат ұсынылып, сондай-ақ инновациялар мен технологиялар саласындағы халықаралық серіктестік мәселелері талқыланды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 3-5 қыркүйегінде Қазақстан астанасында Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтті, оған 30 елден 400-ден астам делегат қатысты. БҰҰ АТМЭӘК пен ҚР ЦДИАӨМ ұйымдастырған конференция цифрландыру және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған басты алаңға айналды.