Digital Bridge 2023 форумы аясында 29 меморандум мен келісімге қол қойылды

Қазақстан Digital Bridge 2023 аясында бірқатар келісімдер жасау арқылы ақпараттық технологиялар мен инновациялардың жаһандық қауымдастығындағы елеулі рөлін айқындай түсті. Форум барысында мемлекеттік органдар, ірі компаниялар, халықаралық технопарктер және басқа да ұйымдар IT-инновацияны дамытуға бағытталған 29 құжатқа қол қойды.


Форумның басты жаңалықтарының бірі – 2024 жылы бағдарламалаудан әлем чемпионаты Қазақстан Республикасында өтеді. Әлем чемпионатын өткізу туралы меморандумға Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен ICPC қорының атқарушы директоры Уильям Б.Паучер қол қойды.

 «IT-индустрияның дамуына спорттық бағдарламалауды насихаттау мен дамыту үлкен әсер ететінін атап өткен жөн. Қазақстандық оқушылар мен студенттер IOI және ICPC тәрізді халықаралық жарыстарға үнемі қатысып, рейтингтік позицияларға ие болып жүргенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл Чемпионат жас таланттар үшін тамаша бастама болмақ, әрі еліміздің IT-қоғамдастығын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қазақстандық бағдарламашылардың әлемдік аренада танылуына жағдай жасайды», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Astana Hub халықаралық технопаркі Орталық Азиядағы технологиялық стартаптардың экожүйесін, аймақтағы венчурлік инвестицияларды танымал ету арқылы Қазақстанның венчурлық нарығын дамытуға, сондай-ақ ойын әзірлеу индустриясын дамытуға бағытталған 8 меморандумға қол қойды.

«Astana Hub-тың білім беру бағдарламалары бар, оны 18 мыңнан астам адам оқып шықты, ал екі мыңнан астам қатысушы инкубация және акселерация бағдарламаларынан өтуді аяқтады. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуына жағдай жасалған. Біздің білім беру бағдарламалары Орталық Азия елдерінде, әсіресе Тәжікстанда үлкен сұранысқа ие. Біз TechnoHub Dushanbe-мен бірлесіп, Astana Hub білім беру платформасының 12 ай қолжетімді болуын қамтамасыз ету туралы келісім жасастық. Бұдан бөлек, State Business Incubator Tajikistan және Accelerate Prosperity қоғамдық қорымен бірге біз стартап-экожүйені дамыту бойынша достық қарым-қатынастарды нығайтып, одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Сонымен қатар, Digital Bridge 2023 алаңында БАӘ-ден Presight компаниясының бас директоры Томас Прамотедам мен «Самұрық-Қазына» қорының бас директоры Нұрлан Жақыпов келісімге қол қойып, Қазақстандағы цифрлық трансформацияны жеделдету үшін бірлескен кәсіпорын құруға келісті. Жоба қордың еншілес ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындарының тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуді, жасанды интеллекті дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру үшін есептеу қуаты хабын құруды көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық даму агенттігімен (KazAID) бірлесіп ниет туралы декларацияға қол қойды. Бұл үшжақты ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – аймақтық деңгейде Қазақстанның табысты үкіметтік технологиялар (govtech) шешімдерін ілгерілету.

Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ мен AliExpress ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстанда және әлемде электрондық коммерцияны дамытудағы үлкен серпінді ескере келе, тараптар трансшекаралық сауданы дамытуға ниет білдіріп отыр. Бұл жобаны 2024 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланды.

Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі   IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтыды: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, шетелдік спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі, стартаптар Аллеясы, Astana Hub Battle ірі стартаптар додасы, сонымен қатар корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC Zone, аймақтық IT-хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтті.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance. 

 

 

 

Пікірлер 7

Кіру пікір қалдыру үшін

Супер!

Жауап беру

Классно!

Жауап беру

В целом Digital Bridge 2023 прошел великолепно, хорошо провели время с компанией друзей)

Жауап беру

Отлична возможность!

Жауап беру

Чемпионат мира по программированию в 2024 году — это действительно крупное событие, и это замечательно, что Казахстан принимает такую ответственность. Такие мероприятия не только стимулируют молодежь, но и укрепляют позиции страны в мировом IT-сообществе.

Жауап беру