Орталық Азиядан шыққан стартап алғаш рет Meet The Drapers жаһандық шоуының финалына өтті
Meet the Drapers-те 1 миллион долларға таласу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген 44 үздік стартаптың жетеуі ғана ақтық кезеңге жолдама алды. Олардың қатарында бүкіл Орталық Азияны таныстырып отырған қазақстандық финтех-стартап – Investbanq бар.

Суретте Investbang негізін қалаушылар Олжас Жиенқұл мен Талғат Қантаев
Investbanq капиталды басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі платформасының бірегей шешімдерін ұсынды. Бұл технология инвестициялар мен активтерді басқару тәсілін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.
«Финалға өтуіміз – технологиялық шешімдеріміз бен капиталды басқарудағы тың көзқарасымыздың мойындалуы. Біздің платформа заманауи технологияны нарықты терең түсінумен ұштастырып, қаржы ұйымдарына арналған бірегей шешімдер ұсынады. Халықаралық деңгейде Орталық Азияны танытып отырғанымызды мақтан етеміз. Әлемдік деңгейде өзімізді паш етуге және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік берген қолдауы үшін Astana Hub пен Цифрлық даму министрлігіне алғысымызды білдіреміз», – деді Олжас Жиенқұл, Investbanq негізін қалаушы әрі бас директоры.
Meet the Drapers – стартаптарға өз идеясын таныстырып, ықпалды инвесторлардың назарын аударуға, сондай-ақ халықаралық стартап-экожүйеге енуге мүмкіндік беретін жаһандық венчурлік шоу. Қазылар алқасы құрамында – Тим Дрейпер (Tesla мен SpaceX-ке инвестиция салған венчурлік капиталист), оның әкесі Билл Дрейпер және қарындасы Полли Дрейпер бар.
Шоудың жетінші маусымының түсірілімдері Абу-Даби, Париж, Остин, Майами, Нью-Йорк, Карачи, Кремний алқабы және Астанада өтті. Қазақстандық кезең Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды. Осы іс-шараға арнайы келген Тим Дрейпер еліміздің цифрлық әлеуетін жоғары бағалап, инновациялық бастамалардың маңызын атады. Шоуға қатысу үшін Astana Hub резиденттері – Arlan Biotech, Investbanq, Idos Games және Teen Tech Ed іріктелді. Қазақстандық стартаптардың қатысуымен өткен шығарылымды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Реалити-шоудың финалы 18 сәуірде өтеді, оны Meet the Drapers ресми сайтынан тамашалауға болады.
Анықтама: Investbanq – капиталды басқаруға арналған Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект платформасы. Ол банктерге, отбасылық кеңселерге және активтерді басқару компанияларына инвестициялық процестерді автоматтандыруға, тиімді басқаруға және жаңа буын инвесторларын тартуға көмектеседі. Investbanq индустриялық сараптама мен заманауи технологияны үйлестіріп, өңірлік WealthTech саласының болашағын қалыптастырып, халықаралық инвесторлардың назарын аударуда.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Milan Gorislavets · Сәуір 11, 2025 14:34
молодцы!
Laura Meir · Сәуір 10, 2025 17:41
Удачи!
Гулсун Кулжыгачова · Сәуір 9, 2025 23:36
Удачи ! Только успеха!
Бибигуль Кандарбекова · Сәуір 9, 2025 12:00
Удачи!
Boris Lushkin · Сәуір 9, 2025 10:42
Круто, успехов!
Кайсар Абдыкасым · Сәуір 8, 2025 18:10
Удачи! Так держать!