Қазақстанда алғаш рет! Кремний алқабының жұлдыздары Қазақстаннан стартаптар іздеп жатыр!

"Meet the Drapers" стартаптар туралы реалити-шоуы 12 және 13 қазанда өтетін Digital Bridge 2023-те жетінші маусым эпизодын түсіреді! Іріктеуден өткен қазақстандық стартаптар реалити-шоудың жартылай финалына өту үшін инновациялық шешімдерін Skype, Tesla және SpaceX секілді технология алпауыттарына инвестиция салған белгілі венчурлық капиталист Тим Дрейперге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.


"Meet the Drapers" - бұл бүкіл әлемдегі технологиялық стартаптар Тим Дрейпер мен оның отбасы алдында өз жобаларын таныстыру үшін іріктеуден өтетін реалити-шоу. Стартаптар келесі кезеңге өту үшін бір-бірімен жарысқа түседі. Әр эпизодтан бір кәсіпкер "плей-офф кезеңіне" өтеді.  Маусымның финалында тек бір жоба 1 миллион доллар инвестиция ұтуға мүмкіндік алады. Бұл стартапты әлемдік аудиторияға көрсетудің және қажетті инвестиция алудың керемет мүмкіндігі!

Тим Дрейпер — американдық венчурлық инвестор және Draper Fisher Jurvetson, Draper University, Draper Venture Network, Draper Associates және  Draper Goren Holm негізін қалаушы. Ол Tesla, SpaceX, Skype, AngelList, SolarCity, Hotmail, Ring, Twitter, Coinbase, Robinhood, Ancestry.com және т. б. компанияларға инвестиция салған. 

 «Digital Bridge 2023» форумы кезінде «Meet the Drapers» шоуының бір эпизоды түсіріледі. 4 стартап Digital Bridge 2023 форумы кезінде Тим Дрейперге жобаны таныстыру мүмкіндігіне ие болады, соның біреуі ғана Кремний алқабында өтетін жартылай финалға жолдама алады.

Pitch Deck-ті 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін сілтеме бойынша жіберу керек.  Тим Дрейпер командасы үміткерлер арасынан “Digital Bridge 2023” форумында жобасын таныстыратын 4 стартапты іріктейді. 

Шоу туралы қосымша ақпарат: https://www.meetthedrapers.com/




 

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

участие бесплатное)

Жауап беру

Участие платное?

Жауап беру