Ертең, 23 қазанда Астана уақытымен сағат 11:00-де Astana Hub YouTube-арнасында эксклюзивті Fireside Chat тікелей эфирде өтеді. Кездесуге NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры (CEO) Дженсен Хуанг пен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысады.
Талқылау өзегінде — жасанды интеллект экономикасы мен есептеуіш инфрақұрылымын дамыту, мамандарды даярлау және қазақстандық технологиялық компаниялардың әлемдік нарықтағы перспективалары.
Басты назар Қазақстанның жасанды интеллект, робототехника және автономды жүйелерді біріктіретін Physical AI бағыты бойынша халықаралық орталыққа айналу мүмкіндіктеріне аударылады. Қатысушылар бұл технологиялардың өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларында қалай қолданылатынын, өндіріс қауіпсіздігін арттырып, инженерлер мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын талқылайды.
Әңгіме барысында жасанды интеллекттің дамуы қазақстандықтар үшін қандай практикалық мәнге ие болатыны да сөз болады: сұранысқа ие дағдылар, кәсіби өсу перспективалары және өз технологиялық өнімдерін жасауға арналған жағдайлар қарастырылады.
AI Month 2026 Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жасанды интеллектті дамытуға, жас таланттарды қолдауға және халықаралық технологиялық ынтымақтастыққа арналған бірқатар іс-шараны біріктірді. Ай бойы Қазақстан әзірлеушілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік органдар мен әлемдік технологиялық компаниялардың өкілдері бас қосатын алаңға айналды.
Ертең, 23 қазанда сағат 11:00-де Astana Hub YouTube-арнасындағы тікелей эфирге қосылыңыздар!