Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің қолдауымен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) мен BigData KZ бірлесіп әзірлеген қазақ тіліндегі тегін Data Engineering курсының басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Astana Hub білім беру платформасында орналастырылған және барлық ниет білдірушіге қолжетімді.
Data Engineering – қазіргі цифрлық экономиканың басты қозғалтқыштарының бірі. Бизнес пен мемлекеттік секторда жасанды интеллект шешімдерінің ауқымы кеңейген сайын, аналитикалық жүйелер мен машиналық оқыту модельдерінің негізін құрайтын деректерді жинау, сақтау және өңдеу мамандарына деген сұраныс еселеп артуда. Бұл курс AI-құралдармен таныстырып қана қоймай, заманауи аналитикалық платформалар мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді құруға қажетті берік техникалық базаны қалыптастыруға бағытталған. Алған білім Data Analytics, Data Science, Machine Learning және AI Engineering салаларында одан әрі дамуға сенімді негіз бола алады.
Оқу бағдарламасы деректер саласында мансап құруды жоспарлайтын кең ауқымды аудиторияға: саланы жаңадан меңгере бастаған мамандарға, техникалық бағытта білім алып жүрген студенттерге, дата-талдаушыларға, сондай-ақ жасанды интеллект және IT-мамандықтар бағытында дамуға қажетті базалық білім алғысы келетін барлық адамдарға арналған.
Оқу толығымен онлайн форматта, қазақ тілінде өтеді және төрт аптаға жоспарланған. Мазмұны «негізден практикаға дейін» қағидатымен құрылған. Бағдарлама бейнесабақтар мен практикалық тапсырмаларды біріктіретін 5 тақырыптық модульден тұрады: деректер қоры және SQL негіздері, деректер қоймаларын жобалау, Python тілінде бағдарламалау, Apache Spark көмегімен деректерді пакеттік өңдеу және Apache Airflow арқылы ETL-процестерін оркестрлеу. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға алған білімін растайтын тегін сертификат табысталады.
«Бүгінде деректер жасанды интеллектінің, цифрлық сервистердің және технологиялық бизнестің даму негізіне айналуда. Сондықтан деректермен жұмыс істеуге арналған заманауи инфрақұрылымды құра алатын мамандарды даярлау бүкіл IT-сала үшін стратегиялық маңызға ие. Курстың қазақ тілінде іске қосылуы сұранысқа ие білімді қолжетімді етіп, жаңадан бастаған мамандарға одан әрі кәсіби өсу үшін практикалық база қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Валерия Те.
«Data Engineering – IT-индустриясында дамуды көздейтіндер үшін негізгі бағыттардың бірі. Алайда қазақ тіліндегі сапалы техникалық материалдар әлі де аз. Осы курсты іске қосу арқылы заманауи білімді қолжетімді етіп, көпшілікке Data Engineering саласын ана тілінде меңгеруге мүмкіндік бергіміз келеді», – деп атап өтті Blockchain & AI Technology Center (BAITC) директоры Айдана Қасқырбек.
BigData KZ тең құрылтайшысы Сергей Самсоновтың айтуынша, «Деректер инженері» курсы – Қазақстанның білім беру нарығы үшін жаңа бастама әрі осы бағыт бойынша қазақ тіліндегі алғашқы толыққанды бағдарлама. Оның мазмұнында деректерді басқару саласындағы жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялардың тәжірибесі жинақталған, ал кураторлары – осы саладағы практик мамандар. Бұл бастама мектептің «IT білімі – өз тілімде» миссиясын іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірілді.
Бағдарламаға қатысу тегін, қатысушылар саны шектелмейді. Толығырақ ақпарат және курсқа тіркелу: https://edu.astanahub.com/