Atyrau Hub - білім беру және инкубациялық бағдарламаларының алаңына, сондай-ақ митаптар, Pizza Pitch, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle және басқа да белсенді IT-қоғамдастықты қалыптастыруға арналған іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналады. Өңірлік хаб Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданы, Кенжебай Маденов көшесі, 7а, 2-қабатта орналасқан.
Atyrau Hub-тың басты мақсаты – жергілікті IT-қоғамдастықты қалыптастыру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап мәдениетін құру және цифрлық оқыту үшін жан-жақты мүмкіндіктер ұсыну. Бұл орталық өңірдегі таланттарды қолдап, олардың идеяларын жүзеге асыруға қажетті заманауи білім мен ресурстар ұсынып, технологиялық жобалардың іске қосылуына ықпал етеді.
Бүгінде еліміздің 15 өңірінде IT-хабтар белсенді жұмыс істейді, және осы жылдың соңына дейін Atyrau Hub-пен қатар Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қалаларында инновациялық орталықтар ашылмақ
Былтырдан бері Қазақстанның өңірлік IT-хабтарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 1600-ден астам іс-шара, оның ішінде 7 ірі форум өткізілді. Бұл шараларға 48 мыңнан астам адам қатысып, 440 стартап жоба ұсынылды. Нәтижесінде 100-ден астам IT-компания Astana Hub экожүйесіне қосылып, еліміздің IT-индустриясының дамуына серпін берді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердегі инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Atyrau Hub басқа да өңірлік IT-хабтар сияқты технологиялық прогресс орталығына айналып, Батыс Қазақстанда IT-саласының дамуына ықпал етері сөзсіз.