Әртүрлі ЖОО-дан келген 26 жас дата-аналитик Yessen and Company - да тағылымдамадан өте бастады

Yessen & Company 26 студентті тағылымдамадан өтуге Astana hub -қа шақырды. Студенттер тағылымдамадан 27 ақпан мен 30 мамыр аралығында өтеді. Тағылымдама бағдарламасы барысында студенттер келесі салаларды меңгереді:

  1. Консалтингке және деректерді талдау саласына кіріспе

  2. Power BI құралында ақпаратқа анализ және визуализация жасау. Әр қатысушы өз портфолиосына кем дегенде екі жоба жасайды

  3. Google Looker Data Studio арқылы визуализация жасау. 

  4. Google App Scripts қосымшасын қолдану

  5. Google - кестелер арқылы деректерді талдау

  6. Case Study Business Intelligence - ті талдау

  7. Қаржы саласының негізгі түсініктері жайлы "Қаржыгер еместерге арналған қаржы" сабағы

  8. Шешендік өнер курсы

  9. Бизнес-міндеттерді шешу үшін "McKinsey" кеңесшілерінің әдісің талдау

  10. Дизайндық ойлау курсы және Customer Development

  11. Upwork платформасында жұмыс істеу

Тағылымдама барысында өткен Google Data Studio арқылы визуализация жасау мастер классында жасалған дэшборд студенттер туралы ақпарат береді. Олардың басым көпшілігі Astana IT University және Nazarbayev University студенттері екені және жалпы 16 қаладан, 11 университеттен жиналған студенттер бар екені көрсетілген. 

Тағылымдама бойынша студенттерден кері байланыс алынды.

Нұғметуллина Назгүл, Astana IT University, Big Data Analysis

Yessen & Company студенттерге үлкен мүмкіндіктер береді. Алғашқы күннен бастап ақпараттарға анализ жасауға қажет құралдармен және олардың мүмкіншіліктерімен танысып, үйрендім. Азат Есенов Power BI анализ құралымен жұмыс жасау бойынша мастер класс өткізді. 3 сағатқа созылған мастер класста негізгі түсініктерден басқа тиімді, әрі жылдам жұмыс жасау тәсілдері көрсетілді, тіпті біз өзіміздің дэшбордымызды жасадық. Азат Есенов және басқа да әріптестер әрқашан көмектесуге, түсіндіруге дайын. Сонымен қатар Азат Есенов soft skill – ді дамыту керек екенін әрқашан алға тартады. Мен үшін бұл тағылымдама пайдалы болары сөзсіз. 

 

Кайржан Болатбеков, Назарбаев Университет, Аналитик данных

Тағылымдаманың алғашқы күнінен бастап менде шынайы жобалармен жұмыс жасауға мүмкіндік болды. Нәтижесінде Google Sheets -тің App Script, SQL тілдерімен бірге қолдану арқылы тәжірибе алдым.  Power BI, Google Data Studio және Upwork бойынша мастер-класстар мен практикалық тапсырмалар менің қабілеттерім мен бұл саладағы түсініктерімді кеңейтті. 

Мастер класстардың арқасында  осы салада қолданылатын көптеген құралдар мен технологиялар туралы толық және кәсіби мамандардың бұл құралдарды қалай қолданатынын біле алдым. 

 

Қасым Ұбайдолла, Astana IT University, IT Management:

Тағылымдама барысында мен Power BI, Google Data Studio және басқа құралдар бойынша мастер-класстардың арқасында аналитика саласында үлкен тәжірибе алдым. Мен деректермен жұмыс істеуді, есептер мен бақылау тақталарын құруды және өз дағдыларымды іс жүзінде қолдануды үйрендім. Шеберлік сабақтарын өткізген тәлімгер өте шебер болды және маған көптеген пайдалы кеңестер берді. Мен сондай-ақ қарым-қатынаста және әр түрлі адамдармен жұмыс істеуде құнды тәжірибе алдым. Жалпы, мен тағылымдамадан өте қуаныштымын және алған дағдыларым мен білімім болашақ аналитикалық мансабыма пайдалы болатынына сенімдімін. Егер сіз осы салада дамып, құнды тәжірибе алғыңыз келсе, Мен бұл компанияны міндетті түрде ұсынар едім.

 

Тағылымдама қорытындылары бойынша студенттер келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

  1. Бизнес саласындағы тапсырмаларды шешу арқылы кәсіби тәжірибе алу;

  2. Тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат және ұсыныс хат;

  3. Өз портфолиосына аналитикалық жобалар;

  4. 7 адам Yessen & Company штатына жұмысқа шақыру алды, сонымен қатар тағылымдамада ақылы;

  5. Толтырылған Upwork профайлы;

Есенов Азат, Yessen & Company негізін қалаушысы және басқарушы серіктесі:

Менің компаниямның басты мақсаты – адамдардың әлеуетін ашу. Мен қазақстандық жастардың дарындылығына сенемін! Біз үнемі өткізетін тағылымдама бағдарламасы талантты жастарды іздеуге және тартуға бағытталған, оларға практикалық жұмыс тәжірибесін алуға және өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ағымда жігіттер мен қыздар саны тең болғаны қуантады.

Біздің бағдарлама шеңберінде біз ЖОО студенттері мен онлайн-мектеп түлектеріне кейстер және BI-құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибесін алуға мүмкіндік береміз. Мұндай тәсіл әлемдік қоғамдастықтың игілігі үшін күрделі міндеттерді шешуге дайын мамандардың жаңа буынын дайындауға көмектеседі деп сенеміз. Тағылымдама өтушілер Upwork платформасында әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған экспорттық келісімшарттарды орындауда. Біздің жұмысымыздың нәтижесі тек есептер, аналитика және бақылау тақталары ғана емес, қызметтің өнімі-бұл біздің клиенттеріміздің қаражаты мен уақыттының үнемделуі және табысының өсуі.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Astana Hub-қа алғысымды білдіремін, оның алаңында кез-келген қиялдар орындалады. Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз-еліміздің барлық өңірлерінде жас мамандарды даярлау мақсатында тағылымдама бағдарламасын кеңейту. Келесі тағылымдама ағындары туралы білу үшін біздің компанияны қадағалаңыз!

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін