Hub space: Astana Hub жұмыс кеңістігі енді жеке тұлғалар үшін де қолжетімді

Hub space – бұл жобаларыңызды дамытуға арналған заманауи инфрақұрылымы бар жұмыс кеңістігі. Бүгінде Hub space алаңында 200-ден астам IT-компания бар.

Технопарк Time App қосымшасының көмегімен коворкингте өткізген нақты уақыт үшін ғана төлем жасау мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарламаға қатысушылар ыңғайлы жиһаз және жылдам Wi-Fi-мен жабдықталған "open space" жүйесі бойынша кеңседен жеке орын алады.

Коворкингте жұмыс істеу тәжірибе алмасуға, бірлескен жобалар мен іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нетворкинг мүмкіндіктерін пайдалануға болатын IT-қауымдастық әлеміне есік ашады.

 

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін