Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Орысша
Сәлеметсіз бе, өзіңіз туралы, немен айналысасыз, біліміңіз, жұмыс тәжірибесі т.б.
Сәлеметсіз бе! Менің атым - Эльвира Маратқызы. Бейнелеу өнері саласында 13 жылдан аса тәжірибем бар, осы уақыт аралығында сурет пәнінің мұғалімі ретінде шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге бар күшімді салып келемін. Сонымен қатар, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесімін.
Өзімнің кәсіби жолымда тек сурет салумен ғана шектеліп қалмай, жаңа бағыттарды да меңгеріп, 3D суретші үйірмесін ұйымдастырып, дамытудамын. Бұл – балалар мен жастардың қазіргі заман талабына сай креативті ойлау қабілетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Бейнелеу өнері – мен үшін тек мамандық емес, жүрек қалауым. Өз ісімді сүйіп орындаймын және әр шәкіртімнің шығармашылық әлеуетін ашу – менің басты мақсатым.
Tech Orda бағдарламасы туралы қайдан білдіңіз?
Tech Orda бағдарламасы жайлы алғаш рет әлеуметтік желілер арқылы білдім. Кейін тамыз кеңесінде Ермекжан Қартжанов арнайы келіп, жиналыс барысында Astana Hub пен Tech Orda бағдарламасының мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып өтті. Ол бұл жобаның негізгі мақсаты – цифрлық сауаттылықты арттыру және ІТ саласына жастарды тарту екенін атап өтті. Осыдан кейін ресми сайттар мен медиа материалдардан толық ақпаратпен танысып, бағдарлама аясында қысқа мерзім ішінде ІТ-білім алып, жаңа мамандық иесі атану мүмкіндігі мені қатты қызықтырды.

Грантты қалай жеңіп алғаныңыз туралы айтсаңыз?
Tech Orda бағдарламасына ұсынысты тапсырған соң, Ермекжанмен және Алмаз Елеуовпен сұхбаттастым. Сұхбат барысында мотивациям, бұл бағдарламаға не үшін қызыққаным, болашақтағы жоспарларым туралы әңгімелестік. Олар менің шығармашылық бағыттағы жұмысым мен тәжірибемді, сонымен қатар IT саласына деген қызығушылығымды ескеріп, нақты сұрақтар қойды. Алмаз Елеуов менде қандай база бар екенін, IT саласында қандай білімім барын сұрады. Өз кезегімде қазіргі қызметім туралы, шығармашылықпен айналысуым, оқушылармен жүргізіп жатқан жұмыстарым жайлы бөлістім. Алмаз менің портфолиомды қарап шықты, жұмысымды талқыладық, шығармашылықта ортақ нәрселерді таптық. Бұл бағдарлама мен үшін шығармашылықты заманауи технологиямен ұштастыруға үлкен мүмкіндік екенін айттым.
Оқыту процесі, сабақтар қалай өткізілді?
Сабақтар олар гибридті форматта өтті - онлайн және офлайн. Біз жаттығулар жасадық, жобалық тапсырмалар, практикалық жұмыстар. Менде сұрақтар туындаған кезде, Гауһар Елеуов қосымша назар аударды, жеке сабақтар өткізді және материалды егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның кәсібилігі мен шыдамдылығы үшін мен білдіремін үлкен алғыс. Сондай ақ Ермекжан CEO Almaz Games School Оразжанұлы-қолдау үшін.
Сабақтар онлайн және офлайн форматында өткізілді. Жаттығу, жобалық жұмыс, практикалық тапсырмалар қатар жүрді. Оқыту барысында түсінбей қалған сұрақтарымды Алмас Елеуов мырза ерекше назарға алып, жобаларым бойынша жеке сабақтар өткізіп, маған тереңірек түсіндіріп, қолдау көрсетті. Оның кәсіби бағыт-бағдары мен шыдамдылығы үшін алғысым шексіз. Сондай-ақ Almaz Games мектебінің бас директоры Ермекжан Уразжанұлына - қолдау үшін.
Алған біліміңізді қалай қолданасыз?
Tech Orda бағдарламасы аясында алған білімімді ең алдымен өз кәсіби тәжірибемде қолданамын. Қазіргі таңда шығармашылық бағыттағы білім берумен айналысып жүргендіктен, ІТ саласында меңгерген дағдыларым – соның ішінде графикалық және 3D модельдеу – білім беру үдерісін заманауи технологиялармен интеграциялауға үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 3D суретші үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушыларға жаңа технологияларды меңгертіп, оларды болашақ ІТ мамандықтарына бағыттай аламын. Алған білімімді арнайы курстар, үйірмелер ұйымдастыру, онлайн платформаларда білім беру арқылы таратып, қоғамға пайдалы болғым келеді.
Бұл білім – тек мен үшін емес, менің шәкірттерім мен болашақ ұрпақ үшін де маңызды қадам деп санаймын. Ендігі мақсатым – осы бағытта өзімнің жеке жобаларымды жасап, креативті, технологиямен ұштасқан орта қалыптастыру.

Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарып келесіз?
Қазіргі таңда мен «Шығармашылық Академиясында» сурет пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеймін. Сонымен қатар, шығармашылық және технологияны ұштастырған бағытта – 3D суретші үйірмесінің жетекшісімін. Бұл үйірме аясында оқушыларға заманауи графика, 3D модельдеу, цифрлық сурет салу негіздерімен білім беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бар күшімді салудамын.
Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар және жалғастырғыңыз келе ме?
Әрине, Tech Orda бағдарламасы арқылы алған білімімді ары қарай тереңдете дамытып, ІТ саласындағы кәсіби бағытымды нақтылап жалғастырғым келеді. Болашақта 3D моделдеу, анимация, game design бағыттарында біліктілігімді арттырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және ІТ бағытындағы авторлық курстар ашу – басты мақсаттарымның бірі.
Сонымен қатар, білім мен өнерді біріктіретін инновациялық жобалар дайындап, ауыл-аймақтағы дарынды жастарға қолжетімді, заманауи білім беру ортасын құру арманым. Өз шығармашылық академиямыздың аясында digital art пен 3D дизайнын кәсіби деңгейде оқытатын орталық ашу да – келешекке қойған ірі жоспарларымның бірі.
Бұл жолда үйренуден, жаңашылдықты қабылдаудан және еңбектенуден жалықпаймын. Өйткені, білім мен тәжірибе арқылы ғана үлкен нәтижеге жетуге болатынына сенемін.
Эльвира, сұхбатыңызға рахмет, Сізге шығармашылық табыс және заманауи цифрлық технологияларда мансаптық өсу тілейміз!
Расскажите о себе: чем занимаетесь, образование, опыт работы и т.д.
Здравствуйте! Меня зовут Эльвира Маратқызы. У меня более 13 лет опыта в области изобразительного искусства, и все это время я с полной отдачей работаю учителем рисования, воспитывая творческое поколение. Я являюсь членом Союза художников Казахстана.
На своем профессиональном пути я не ограничилась только рисованием, а также освоила новые направления и организовала кружок 3D-художников. Считаю, что это дает детям и молодежи прекрасную возможность развивать креативное мышление, соответствующее современным требованиям.
Для меня изобразительное искусство - не просто профессия, а дело всей жизни. Я выполняю свою работу с любовью и считаю своей главной целью раскрытие творческого потенциала каждого ученика.
Откуда вы узнали о программе Tech Orda?
О программе Tech Orda я впервые узнала через социальные сети. Позже, на августовском совещании, Ермекжан Картжанов специально приехал и подробно рассказал на собрании о возможностях Astana Hub и программы Tech Orda. Он отметил, что главная цель проекта - повышение цифровой грамотности и привлечение молодежи в сферу IT. После этого я изучила информацию на официальных сайтах и в медиа, и меня очень заинтересовала возможность получить IT-образование и новую профессию за короткий срок.

Как вы выиграли грант?
После подачи заявки на программу Tech Orda я прошла собеседование с Ермекжаном и Алмазом Елеуовым. Во время интервью мы обсудили мою мотивацию, причины интереса к программе, а также мои планы на будущее.
Они задали конкретные вопросы о моей творческой деятельности, опыте и интересе к IT. Алмаз спросил, есть ли у меня база знаний в этой сфере. Я рассказала о своей текущей работе, о том, чем занимаюсь с учениками, и о том, как вижу синергию между творчеством и современными технологиями. Алмаз посмотрел мое портфолио, мы обсудили мои работы, нашли много общего в творчестве. Я подчеркнула, что для меня эта программа - отличная возможность объединить творчество и цифровые навыки.
Как проходило обучение, каким был учебный процесс?
Занятия проходили в гибридном формате - онлайн и офлайн. Мы выполняли тренировки, проектные задания, практические работы. Когда у меня возникали вопросы, Алмаз Елеуов уделял дополнительное внимание, проводил индивидуальные занятия и подробно объяснял материал. За его профессионализм и терпение я выражаю огромную благодарность. А также CEO Almaz Games School Ермекжана Уразжановича - за поддержку.
Как вы применяете полученные знания?
Знания, полученные в рамках программы Tech Orda, я в первую очередь применяю в своей профессиональной деятельности. Так как я работаю в сфере творческого образования, навыки в IT - особенно в графике и 3D-моделировании - позволяют интегрировать технологии в учебный процесс.
Как руководитель кружка 3D-художников, я обучаю школьников современным цифровым инструментам, помогаю им раскрывать потенциал и ориентироваться на будущие IT-профессии. Планы - создавать авторские курсы, обучать на онлайн-платформах и вносить вклад в развитие общества.
Считаю, что эти знания важны не только для меня, но и для моего окружения - учеников и будущего поколения. Моя цель - создавать креативную среду, совмещающую искусство и технологии.

Какие проекты вы сейчас реализуете?
В данный момент я работаю в «Академии творчества» преподавателем изобразительного искусства. Также я веду кружок 3D-художников, где обучаю детей и подростков цифровому рисованию, основам 3D-моделирования и современной графике.
Какие у вас планы на будущее? Хотите ли вы продолжить обучение?
Да, я хочу продолжить развитие в сфере IT, углубить знания, полученные в программе Tech Orda. Мои планы - совершенствоваться в 3D-моделировании, анимации, гейм-дизайне.
Мечтаю создать авторские курсы для детей и подростков, объединяющие творчество и цифровые технологии. Одна из больших целей - открыть образовательный центр по digital art и 3D-дизайну в рамках собственной Академии творчества, сделать качественное обучение доступным даже в отдаленных регионах.
Я верю, что только через постоянное обучение, принятие нового и трудолюбие можно добиться реальных результатов.
Спасибо Вам за интервью, Эльвира, желаем Вам творческих успехов и развития карьеры в современных цифровых технологиях!