Қазақстандықтардың 31% жұмыс жиналысында камерасын ашпайды. Битрикс24 зерттеуі

Битрикс24 мамандары бүкіл әлем бойынша өз жүйесіндегі 1 миллионға жуық қоңырауларды талдап, әртүрлі елдердегі кездесулердің цифрлық әдет-ғұрыптарының қалай ерекшеленетінін анықтады.
Жұмыс қоңыраулары пандемия кезінде қазақстандық кеңсе қызметкерлерінің көпшілігінің өміріне мықтап еніп, жиналыстардың құрылымын мәңгілікке қайта жаңғыртты. Өткен екі айда Битрикс24 жүйесінде бүкіл әлем бойынша 962 222 жұмыс қоңырауы жасалған. Оның 16 616 Қазақстанға тиесілі.
Сараптама соңында мамандар қызықты нәтижелиер алды. Мысалы, Италиядағы Битрикс24 пайдаланушыларының - топтық қоңырауларының ұзақтығы орташадан бір жарым есе көп - 34 минут. Екінші орында Германия тұр - топтық қоңыраулар орташа есеппен 26 минутқа созылады. Ең қысқа топтық қоңыраулар Үндістанда - шамамен 14 минутта бүкіл шаруаларын шешіп үлгереді.
Қазақстандықтардың топтық қоңырауының орташа ұзақтығы - 19.55 мин.
Жеке қоңыраулардың ұзақтығы бойынша Үндістан мен Қазақстанда ~7 минут ішінде тілдесетін болса, Италияда 2 есе ұзақ, 14 минут сөйлеседі.
Ең қызықты ерекшеліктер: итальяндықтарға іс-қимылдармен тілдесу жақын болғандықтан болар, пайдаланушылардың тек 13%-ы жиналыстарға камерасыз қосылады, ал бұл көрсеткіш орташа есеппен үш есе жоғары (40%). Ал Қазақстанда жұмыс жиналысы кезінде пайдаланушылардың 31% камераны қоспайды екен.
Түркия мен Мексикада экранды бөлісіп, ақпарат алмасу жиі орын алады екен, барлық қоңыраулардың >5% құрайды. Қазақстан бұл жағынан көптеген өңірлердегідей (3,6%).
Жиналысты жазу мүмкіндігін пайдалану да өте сирек қолданылады. Бұл бір жағынан, қызмет тек десктоп қосымшасында қолжетімді болғаны үшін де болуы мүмкін. Екінші жағынан, десктоп пайдаланушыларының 2% - дан азы қоңырауды жазып отырады екен. Яғни әзірге бұл қызмет танымал емес.
Заманауи бағдарламалық жасақтаманы жасаушылар қоңырауларды ыңғайлы және тиімді ету үшін жиналыс құралдарын үнемі жетілдіріп отырады. Соңғы тренд - үлкен көлемдегі деректерді өңдейтін, кездесудің қысқаша мазмұнын жасайтын, ұсыныстар беретін жасанды интеллектті қолдану. Бұл адам факторына байланысты түсініспеушіліктер мен қателіктерден аулақ болуға көмектеседі және көптеген қоңырауларды ыңғайлы етеді.
Пікірлер 4
Кіру пікір қалдыру үшін
Бибигуль Кандарбекова · Наурыз 31, 2025 12:54
С учетом постоянного развития технологий и внедрения искусственного интеллекта, можно ожидать, что инструменты для совещаний станут еще более удобными и эффективными.
Нұрасыл Қыдырқожа · Наурыз 19, 2025 18:04
клилкбэйтное название
Нұрасыл Қыдырқожа · Наурыз 20, 2025 10:41
тест
Ainur Shamkelova · Наурыз 19, 2025 11:04
тың ақпарат