«Networking» - өте қызықты, бірақ түсініксіз. Бірге талдайық!
Бәріңе сәлем!
Менің атым Айдана. Бұл менің astanahub.com платформасындағы алғашқы жазбам🎉 Мен Astana Hub қатарына продакт-менеджер ретінде жақында қосылдым. Қазіргі біздің басты мақсатымыз - платформаны пайдаланушыларымыздың (яғни сіздердің) негізгі қажеттіліктері қамтылатындай етіп дамыту. Сондықтан, ең алдымен, біз Сustomer Development (бұдан әрі - СustDev) зерттеуінен бастадық. Мүмкін кейбіреулеріңіз естіген шығарсыздар, ал кейбіреулеріңіз тіпті қатысып, Astana Hub-тан мерч алуға үлгерген шығарсыздар🚀. Ал егер де бұл терминмен таныс болмасаңыздар, онда қысқаша айтқанда, CustDev - бұл терең сұхбат арқылы пайдаланушы қажеттіліктерін зерттеу. Егер сіз платформаның дамуына үлес қосқыңыз келсе, мен осы посттың соңында тіркелу сілтемесін қалдырамын).
Осы күндері біз CustDev-ті жалғастырып, өткен айда жиналған деректерді талдаудамыз, User Persona-ны анықтап, CJM құрастырып, бэклог-қа көптеген тапсырмаларды қосудамыз. Деректерді талдау көп уақытты қажет етсе де, қысқа мерзімде бірнеше айқын пікір жинақталды. Командамызбен солардан бастауды жөн көрдік. Мысалы, CustDev арқасында біз пайдаланушылардың көбі «Комьюнити» бөлімінің атауын түсінбейтінін анықтадық. Чаттарда қосымша сауалнаманы өткізу арқылы біз бірнеше жақсы жауап жинадық. Тіпті бөлімді басқаша атау қажеттілігін де есепке алдық.
Міне, ұсыныстардың ішіндегі ең жиі кездесетін үшеуі:
🟢 «Нетворкинг»;
🟢 «Қауымдастық»;
🟢 «Комьюнити» -ді қалдыру (тізім жауаптар санының азаюына байланысты көрсетілген).
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің жауаптарына сүйене отырып, біз бөлімнің атауын «Комьюнити»-ден «Нетворкинг»-ке өзгерттік. Әрине, осы атауға негіз болған, бұл оның басты құндылығы, яғни кәсіби мәселелерді шешу үшін пайдалы таныстар желісін құру және дамыту мүмкіндігі. Шынымды айтсам, CustDev кезінде мен «Нетворкинг» бөлімінің арқасында біздің пайдаланушыларымыз өздеріне серіктестер және/немесе стажерлер тапқанын естігеніме қуаныштымын.
Сіздің ойыңызша, бұл атау осы бөлімге жарасады ма, әлде басқа атауларды қарастырамыз ба? және сіздің «Нетворкинг» бөлімі туралы пікіріңіз қандай?) Ойыңызбен посттың астында комментарий қалдыру арқылы бөлісуіңізге шақырамын. Оған қоса, лайк пен дизлайк қоюға болады!
Басында уәде еткенімдей, CustDev-ке тіркелу үшін сілтеме.
"Нетворкингтің" болашағына үміт арта отырып, барлығыңызға алғысымды білдеремн!
Пікірлер 5
Кіру пікір қалдыру үшін
Айдана Бергазденова · Там. 20, 2023 20:01
Интересно
Жандос Ергенов · Қыр. 6, 2022 13:53
эх, а я думал только я один предложил такое крутое название для раздела(
Aidana Bergazdenova · Қыр. 6, 2022 14:40
Наоборот классно! Еще раз спасибо, что участвовали в опросе!)
Aruzhan Sailau · Қыр. 6, 2022 11:00
Супер пост, удачной работы нам!!!
Aidana Bergazdenova · Қыр. 6, 2022 14:39
Спасибо) Даа)