Air Samarkand компаниясы Servercore бұлтына көшу нәтижесінде өз сервистерін пайдаланушылардың санын 50% арттырды
Халықаралық IT-инфрақұрылым провайдері Servercore Air Samarkand Өзбекстанның жекеменшік әуе компаниясымен серіктестік туралы жариялады. Бірлескен жоба аясында Servercore серіктесіне IT-инфрақұрылымының бір бөлігін өз бұлтына көшіруге көмектесті және корпоративтік порталға әкімшілік ету міндеттерін өзіне алды. Нәтижесінде Air Samarkand IT жүйелерінің жауап беру жылдамдығын айтарлықтай арттырып, өз сервистерін пайдаланушылар санын 50% ұлғайтуға қол жеткізді.
Air Samarkand 2022 жылы құрылған. 2023 жылы әуе компаниясы компаниялар мен туристік операторлардың тапсырыстары бойынша чартерлік рейстерді орындай бастады, ал 2024 жылдың наурызында тасымалдаушы кесте бойынша тұрақты рейстер бағдарламасын іске қосты. Сондай-ақ биыл әуе компаниясы Түркия, Вьетнам, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, БАӘ және ТМД елдеріне рейстерді орындай отырып, өзінің бағдар желісі мен флотын едәуір кеңейтуді жоспарлауда. Әуе компаниясының флоты Airbus A330-300, A321, A321neo — әлемнің жетекші әуе компаниялары пайдаланатын заманауи әрі сенімді ұшақтардан тұрады.
Әуе индустриясында қолданылатын арнайы қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыру үшін Air Samarkand IT-инфрақұрылымының негізгі бөлігі өз жабдықтарында орналастырылған. Алайда компания бизнесінің кеңеюіне, деректер көлемінің ұлғаюына және IT сервистерге жүктеменің артуына байланысты Air Samarkand IT-инфрақұрылымының бір бөлігін мамандандырылған провайдердің бұлтына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
«Бізге Servercore-ды осы провайдермен ынтымақтастық тәжірибесі бар басқа компаниялардың киберқауіпсіздік жөніндегі мамандары ұсынды. Жобаны талқылауға арналған алғашқы кездесуден-ақ команданың техникалық сауаттылығы жоғары екеніне көз жеткіздік. Инженерлер әрқашан дайын шешіммен келеді және жобаның бастапқы кодындағы қателерді дербес анықтап, шешеді. Олар бізге IT жүйелеріміздің бір бөлігін қысқа мерзімде бұлтқа еш ақаулықсыз көшіруге көмектесті», — деп бөлісті Руслан Наркевич, Air Samarkand ақпараттық жүйелер бөлімінің басшысы.
Әуе компаниясының мәселелерін шешу үшін Servercore Air Samarkand-қа жүктеме мен өңделетін деректер ағыны артқан кезде ресурстарды оңай масштабтауға мүмкіндік беретін икемді параметрлері бар бұлттық серверлерді ұсынды.
Air Samarkand сонымен қатар әртүрлі бизнес мәселелерін шешу үшін провайдердің басқа да өнімдерін пайдаланады: деректерді сақтауға және өңдеуге арналған бұлттық дерекқорлар, корпоративтік порталды орналастыруға арналған Managed Kubernetes.
Бұған қоса, Servercore күрделі техникалық құрылымы бар Air Samarkand корпоративтік порталына әкімшілік етеді. Бұл Air Samarkand порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті және әуе компаниясының IT мамандарына жоғары басымдықты міндеттерге назар аударуға көмектесті.
Servercore компаниясымен ынтымақтастық аясында Air Samarkand жобаларды архитектуралық жөнге келтіруді және IT-инфрақұрылымының бір бөлігін бұлтқа еш ақаулықсыз көшіруді жүзеге асыра алды. Көшіру нәтижесінде әуе компаниясының on-premise шешімдеріне жүктемені айтарлықтай азайтуға және оның аса маңызды сервистерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Air Samarkand компаниясының ішкі бағалауы бойынша, сервистермен жұмыс істеу кезінде пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі бірнеше есе өсті.
«Servercore көшіру процесі кезінде бізге жан-жақты техникалық қолдау көрсетті. Бізде апатты жағдай орын алғанда, ол SLA сәйкес сақтандыру уақиғасына жатпайтынына қарамастан провайдер тобы бұл мәселені шеше алды. Біз сервис жұмысының іркілісін болдырмай, бұлтты платформаға көшуді жоспарланған мерзімнен бұрын жүзеге асыра алдық. Біз жұмысқа деген мұндай көзқарасты бағалаймыз, бұл біз үшін ынтымақтастықтың бірегей кейсі», — деп қосты Руслан Наркевич.
Servercore компаниясы туралы
Servercore — жергілікті қатысуы бар IT-инфрақұрылымның халықаралық провайдері. 2021 жылдан бері компания технологиялық серпінді өсімі бар елдердегі (Қазақстан, Өзбекстан және Кения) бизнеске өз пайдаланушыларына сервистер ұсынуға көмектеседі.
Servercore бизнесті инфрақұрылымға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде — IT-жүйелерді жобалау мен серверлерді таңдаудан бастап басқаруға, масштабтауға және есептілікті жүктеп алуға дейін қолдайды. Мұның бәрі — my.servercore.com басқару панелінің бірыңғай интерфейсінде.
Servercore Өзбекстандағы ақпараттық технологияларға қызығушылықты ынталандыру және келешегі бар стартап-жобаларды қолдау үшін құрылған IT Park, сондай-ақ Орталық Азияның ең ірі инновациялық хабы — Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті болып табылады.
Толығырақ: servercore.com сайтында
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін