Astana Hub порталында пост жазып, IT саласының дамуына өз үлесіңізді қосыңыздар

Сіздер IT саласындағы өз тәжірибеңіз туралы айтып, стартап-жобаларды құру бойынша кеңестеріңізбен, пайдалы бағдарламалармен бөлісе аласыз, сондай-ақ жаңа технологиялар саласындағы қызықты оқиғалар туралы хабардар ете аласыз. Бөлісетін қызықты ақпаратыңыздың бар екеніне сенімдіміз!

Хабарлама жасау өте қарапайым. Ол үшін сіздерге:

  • com порталының басты беті жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Жариялау» батырмасын басу;
  • ашылған тізімде «Лентаға жариялау» тетігін басу;
  • барлық қажетті өрістерді толтырып, жарияланым мәтінін іске қосу үшін "/" тетігін басу;
  • постты модерацияға жіберу қажет.

Сондай-ақ, мұқабаның орнына Youtube-тен бейнені қою мүмкіндігі бар, ол үшін тиісті тетікті таңдап, «youtube сілтемесі» өрісін толтырыңыз. Мәтінді жазу кезінде сіздер жеке профильде редакциялау мүмкіндігі бар жазбаны сақтай аласыз.

Өте маңызды! Егер сіздер барынша аудиторияны қамтуға бағытталған болсаңыз, посттарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберу керек.

Astana Hub порталының көмегімен көптеген мүмкіндіктерді ашыңыз!

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

Наподобие хабра?

Жауап беру

Здравствуйте! Можно и в таком формате)

Жауап беру