Менің IT саласына бет бұруыма себепкер нәзік жанды.
Жоғарғы сыныпты оқып жүргеннен бастап осы IT саласына қызығушылығым болатын. Бірақ код жазу алгоритмдер маған қиынға соқты, ең алғаш IT саласында дизайн бағыты барын әлеуметтік желіден байқадым. Ольга Чернова, қарапайым ортадан шыққан қыз қазіргі таңда өз мамандығының арқасында әлем аралап жүр. Ольга Чернова өз ісінің маманы және де қазіргі заманда нәзік жандылар да осы салада көптеген жетістіктерге жетуге болатынын айқын дәлелі десем болады, өзінің онлайн мектебін ашып, шәкірттер тәрбиелеп, әлем аралап жүрген қыз, код жазбай ақ осы саланы меңгеру болатынын дәлелдеді. Содан бастап осы салада толық іздене бастадым, ол да мен сиякты код жазуды ұнатпайды екен) UX/UI салсын толық іздене бастап өз бетімше видеосабақтардан оқып жүріп Astana Hub және ITeahme уйымдастырған грантқа қатысып бақ сынасып көрдім және грант ұтып алдым😻 Осының арқасында осы саланы әрі қарай меңгеруге деген тағы бір мүмкіндік, оқу жоғарғы деңгейде өтті! Және әрі қарай да осы салады дамығым келеді, үйренетін тұстарым әлі де көп екенін білемін. Ең бастысы нәзік жандылар да осы IT саласында жағарғы көрсеткіштерге ие бола алатынына сенемін!
Осы тұста барлық аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді.
Құрметті арулар! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін, Сіздер қашанда өздеріңіздін сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Alizhan Nurgazy · Наурыз 21, 2024 10:01
👏
Nursezim Tokbolat · Наурыз 7, 2024 17:13
Қандай күшті! Жарайсыз!