Сандық қоғамдық игіліктер (Digital Public Goods) дегеніміз не және олар не үшін қажет?
Цифрлық қоғамдық игіліктер (DPG) стандарты арқылы жобаны әлемдік деңгейге шығару оңай. Бірақ, ең бастысы - бұл не үшін керектігін түсіну керек.
DPG миссиясы - дамушы елдерде БҰҰ -ның тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі -ТДМ) қол жеткізуді жеделдету. Әділетті әлем құру үшін ашық бастапқы коды бар цифрлық шешімдерді тарату.
DPG әлі де қалыптасу сатысында болғандықтан, үрдіске қатысқан ашық бастапқы жобаның көрінуін, қолдауын арттырады. Қазақстанда DPG өз дамуын енді ғана бастады, ең жарқын мысалдардың бірі - Қазақстанда DPG өз дамуын енді ғана бастады, ең жарқын мысалдардың бірі - бұл Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ҚҚ Тандау мен «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі» Қорпаративтік Қоры арқасында «Орнықты қалалар мен қоғамдастықтар» ТДМ шеңберінде дамып келе жатқан ‘Қолжетімді Қазақстан’ пилоттық жобасы. Жоба балалардың және мүгедектердің өмір сүру сапасын, әл-ауқаты мен қатысуын жақсартуға арналған құралдардың бар екендігіне бағытталған.
DPG-де ұсынылған бағдарламалық жасақтама, деректер, жасанды интеллект модельдері, стандарттар немесе мазмұн цифрлық қоғамдық игілік ретінде қарастырыла алатындығын анықтайтын 9 көрсеткіштер мен талаптар бар. Төменде біз 9 көрсеткіштерді келтірдік, бірақ келесі жазбаларда әрқайсысына толығырақ тоқталамыз.
DPG стандарттарының талаптары:
- Тұрақты даму мақсаттары үшін өзектілігі.
- Бекітілген ашық лицензияларды пайдалану.
- Нақты меншік құқығы.
- Платформадан тәуелсіздігі.
- Құжаттама.
- Деректерді шығару механизмі.
- Қолданыстағы заңнаманы сақтау.
- Стандарттар мен озық тәжірибелерді сақтау.
- Зиян келтірмеңіз:
а) Деректердің құпиялылығы және қауіпсіздігі.
б) Сәйкес емес және заңсыз мазмұн.
в) Заңсыз қысылымдықтардан қорғау.
Біз сізге ЮНИСЕФ пен ASTANA HUB консультациясы аясында 7 DPG вебинарларының сериясы басталғаны туралы хабарлаймыз, осы жылдың тамызынан бастап желтоқсанға дейін! Бірінші вебинардың қонағы ретінде Microsoft корпорациясының спикері шақырылды.
Сіз өніміңізді САНДАҚ ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІҢ қатарына енгізгіңіз келсе, жаңалықтарымыздан қалмаңыздар.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін