Құрметті акселераторлар мен бизнес-инкубаторлардың түлектері!
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі –Қоғам) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып табылады және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар түріндегі мемлекеттік қаржылық өтеусіз қолдау шараларын жүзеге асырады.
Инновациялық дамуды ынталандыру және стартап-компанияларды қолдау аясында Қоғам «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» 1-кезеңдегі жобаларды қолдауға бағытталған технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар алуға конкурс өткізетінін еске саламыз, оның көлемі 20 000 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды және келесі баптардың 90%-на дейін өтейді:
1. жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерін немесе 6 000 000 (алты миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
2. үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
3. іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
4. кеңсе үй-жайларын оның ішінде өнімді жетілдіру үшін жалға алу;
5. апробация және тестілік сатылым мақсатында өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау (жетілдіру) үшін қажетті материалдарды, жиынтықтауыштар мен жабдықтарды сатып алу.
1 - кезеңнен сәтті өткен грант алушылар «Өнім өндірісін іске қосу (енгізу және сүйемелдеу) және оны нарықта іске асыру (коммерцияландыру)» жобалардың 2 - кезеңінде қаражаты сомасы 80 000 000 (сексен миллион) теңгеден аспайды және негізделген шығындардың келесі баптарының 90 (тоқсан) пайызына дейін өтейді:
1. жоба командасы мүшелерінің жалақысы (салықтарды, алымдарды және басқа да оған байланысты міндетті төлемдерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын немесе 24 000 000 (жиырма төрт миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
2. үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындаған, оның ішінде жабдықты жалға берумен байланысты басқа жұмыстарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
3. іссапар шығыстары (шетелдіктерді қоса алғанда), кезең қаражаты сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын немесе 8 000 000 (сегіз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайтын мөлшерде;
4. өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті лицензияларды, жабдықтарды сатып алу;
5. өнімді немесе көрсетілетін қызметті жасау үшін қажетті материалдар мен жиынтықтауыштарды сатып алу;
6. кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу;
7. кезеңдік қаражат сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын маркетингтік шығыстар (өнімді немесе көрсетілетін қызметті ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу).
Конкурстың 1-кезеңіне қатысу үшін порталда өзіңіздің жобаңыздың қысқаша сипаттамасы, презентациясы және бизнес - құрылымы бар құжаттарды толтырсаңыз жеткілікті.
Өтінімдерді қабылдау мерзімінің 2022 жылғы 20 қыркүйекте сағат 18.00-ге дейін ұзартылуына байланысты инновациялық гранттарды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс аясында акселераторлар мен инкубаторлар түлектерін Конкурсқа белсенді қатысуға және инновациялық грант алуға өтінім беруге шақырамыз.
Сіздерге өз жобаларыңызды дамытуда сәттілік тілейміз!
Толығырақ ақпаратты келесі байланыс телефондары бойынша алуға болады: телефон: +7 (7172) 79-25-81 (ішкі 580 және 584) немесе +7-775-623-14-22, Telegram арнасы: https://t.me/QazInnovations, Telegram боты: @QazInnovations_bot, сайт: https://qazinn.kz/, WhatsApp: +7-775-623-14-22, Instagram: @Qazinnovations.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін