Women In Tech: Назерке Калидолданың инженер-әзірлеуші маман болып Google-ға жұмысқа орналасуы туралы

Назерке, IT және бағдарламалауға деген қызығушылық қай уақытта пайда болды?

IT мен бағдарламалауға мектеп кезінен қызыға бастадым, бірақ ол кезде мен болашақтағы мамандығымды білмедім, әсіресе, Google-да жұмыс істеу туралы ой түсіме де кірмеген. Тек қарапайым есептер шығарып, олимпиадаларда жүлделі орындар мен медаль алып, ұлдармен бәсекелесіп жарысқанды ұнататынмын. Шынымды айтсам, басында маған бұл менікі емес сияқты көрінетін, себебі бұған дейін компьютерлермен тіл табыса алмадым және бұл өзім үшін қиын әрі түсініксіз нәрсе болып көрінді. Математиканы жақсы меңгергендіктен, мен басқа балаларды тез қуып жетіп алдым.

“Ғылым мен бағдарламалау қыздарға жараспайды” деген стереотиппен қақтығыста болған кезіңіз болды ма? 

“Ғылым мен бағдарламалау қыздарға жараспайды” деген стереотиппен кездескенмін. РФММ-ке түсубарысында маған «Мұның сізге не қажеті бар? Физика-математика мектебі қыздарға арналмаған» деп айтқан кездер де болды. Топта бізде үш-ақ қыз болды, ал қалғандары - ер балалар. Мектепте мен әрдайым ұл балдардын арасында жүретінмін. 

Түрлі адамдармен кездескенде, «Сіз шынымен бағдарламашысыз ба? Ешқашан бағдарламашы қызды кездестірмеппін»  деп таңдана сөйлейтін. Шындығында, әйел-бағдарламашылар өте көп. Мен спорттық бағдарламалаумен айналыстым, яғни бұл спорттың бір түрі: сізде рейтинг, уақыт, тапсырма болады. Бұл - өте үлкен жұмыс, себебі әр қатысушының өзіндік код стилі болады және ол өзіндік шығармашылық жолмен жасалынады. Сонда да, бағдарламалау тақырыбы айналасында көптеген стереотиптер бар.

Google-ге жұмысқа қалай орналастыңыз? Оның кезеңдері туралы айтып беріңізші?

Google-га жұмысқа жоғары оқу орнын аяқтаған соң келдім, оған дейін Лондондағы жазғы CodeU бағдарламасына қатыстым. Жұмысқа орналасу қарапайым түрде өтеді, оның ішінде маған рекрутерлердің өтініш берушілермен қарым-қатынас жасау әдісі ұнайды. Google-ға өтінім бергенімен, сіз компанияның бас тартуынан қорықпасаңыз болады, олар сыпайы түрде сізді келесі жолы өтініш беруге шақырады.

Бірінші кезең - CV screening. Сол жерде жұмыс істейтін және сізді ұсына алатын адамды тапсаңыз, түйіндемеңізді қарау мүмкіндігі көбірек болады. Егер сіз скрининг кезеңінен өтсеңіз, онда рекрутер сізге қоңырау шалып, алдын-ала телефонмен сұхбат жүргізеді. Бұл сұхбат ресми кезеңге енгізілгендігін нақты айта алмаймын, бірақ сол жерде сізден не істей алатыныңызды және онлайн-сұхбат өткізу үшін сізге қай күн қолайлы екені сұралады. Әдетте, осыдан кейін бір аптаның ішінде олар сізбен хабарласып, одан әрі өткен өтпегендігіңізді айтады. Егер сіз осы онлайн-сұхбаттан өткен болсаңыз, онда сізде тағы осындай 4 сұхбат болады. Сонымен қатар, үміткерлер мінез-құлық бойынша сұхбат береді. Мұнда олар сіздің кәсіби жұмыс тәжірибеңізге, сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды қарастырады.

Бір техникалық сұхбат 45 минутқа созылады, сол уақыт ішінде берілген тапсырманы орындауыңыз керек. Сізде гаджеттер немесе басқа қосалқы заттар болмайды. Тек өз күшіңіз бен біліміңізге сүйене аласыз.

Техникалық сұхбатқа дайындалу үшін беретін басты кеңестерім - көбірек тапсырмалар орындау, достарыңызбен MOCK сұхбатын жүргізу (жаттығу), кездейсоқ адамдармен сұхбат алуға арналған онлайн-платформаларды қолдану. Google-да сіз тапсырмаларды қаншалықты дұрыс шешетіндігіңізге және дұрыс «кодтау» қабілетіңізге көп көңіл бөледі.

Қазіргі уақытта Google-да қандай жобалармен жұмыс істейсіз?

Google-да жұмыс істегіңіз келетін командаңызды өзіңізді таңдайсыз. Мен IOS-тағы Chrome командасын таңдадым, яғни жаңа фичалар жасаумен және ішкі қайта өңдеумен айналысамын, өйткені қосымшалар өте ескі және олардағы көп нәрсені қайта жасау керек. Біздің жұмысымыз қолданушыларға көрінбейді, бірақ iOS-тағы Chrome қолданушыларының жұмысына әсер ететініңді ойласаң, шабыттана түсесің.

Пандемия сіздің жұмысыңызға қалай әсер етті? 

Компания сөз жүзінде ғана емес, сонымен қатар, демалыс беріп қолдау көрсеткендіктен, онша қиын болған жоқ. Кеңсеге барып үйреніп қалып едік, Google-дың да кеңсесі керемет. Пандемия кезінде біз тегін тамақ, массаж және жаттығу залдары сияқты артықшылықтардан айырылып қалдық. Бір кездері Францияда өте қатаң карантин болғандықтан, біз тіпті үйден шыға алмай қалдық. Париж адамдарының пәтерлері өте шағын, кеңістіктің жоқтығынан стресс көп болды. Мүмкін бұл гуглерлердің жұмысына әсер еткен шығар, бірақ біреулері қуанып та жатты, өйткені өнімділік арта түсті. Мен Қазақстаннан жұмыс істеуімді өтіндім, рұқсат берді. Отбасыма жақын болғандықтан және еркіндіктің арқасында менің өнімділігім артты. Яғни, Google компаниясында Қазақстаннан жұмыс істей алу мүмкіндігі - өте ыңғайлы. Осындай жағдайда бар мүмкіндіктің ең жақсысын таңдау керек.

Париждегі пандемия жағдайында үйден шыға алмайтыныңды білген кезде, мен жұмысымның уақытын созып, аз демалдым. Ал өз елімде саябақта серуендеп, отбасыммен бірге уақыт өткізгім келетінін сезгендіктен, тапсырмаларымды тезірек бітіру үшін қосымша күш пайда болды.

Жас түлектер мен IT-мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетін жас балалар мен қыздарға қандай кеңес берер едіңіз?

Ең алдымен, табандылық пен ішкі ыстық ықылас болуы керек. Егер сіз IT саласында мансап құрғыңыз келсе, ата-анаңыздың айтуымен емес, өзіңіз қалауыңызбен бару керек. Сонда ғана көптеген мүмкіндіктерге толы жаңа нәрселерді үйрену оңай бола түсед. Сіз барлық нәрсені істеп көруіңіз керек: өзіңізді үйретуге тырысыңыз, біреу келіп сізге сабақ береді деп ойламаңыз, бәрі тек өзіңізге байланысты, сіздің барлық мүмкіндіктеріңіздің 99%-ын пайдаланып, жақсы ортаға түсуге тырысыңыз, тек 1% ғана сәттілігіңізге байланысты. Қыздардың жігіттерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Қыздар сәл басқаша ойлайды, «басқаша» деген “жаман” деген сөз емес. Қыздарғы бағдарламалау жараспайды деп ойлау қате, мұндай ойлар кедергі жасайды. Бұл тек стереотиптер ғана.

Аударған: Жанеля Ғалымқызы

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Девушка, которая ломает стереотипы⚡️

Жауап беру

Интересное интервью. Такие девушки как Назерке вдохновляют своим примером!

Жауап беру

Nazerke, well done!!!

Жауап беру