GameDev Center Demo Day

👾 Сіздерді ойын индустриясы қызықтыра ма?

💥 GameDev Center Demo Day шарасына қош келдіңіздер!

Индустрия өкілдері мен жетекші сарапшылар Қазақстандағы ойын индустриясының қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылау үшін жиналады.

💡Сізді не күтеді:

🕒 15:00 – 16:15«Қазақстан экономикасының дамуындағы ойын индустриясының рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел – өзекті мәселелерді, елімізде геймдевті дамытудың мүмкіндіктерін талқылаймыз.

🕟 16:30 – 18:30GameDev орталығында инкубацияланған командалар әзірлеген ойындардың таныстырылымы. Жобалардың сапасы мен әлеуетін бағалай аласыздар және командалармен ынтымақтастық жасау мүмкіндігі туралы сөйлесе аласыздар.

❗️Сілтеме арқылы тіркеліп үлгеріңіз - https://forms.amocrm.ru/rlvlrdw