Әзірлеуші мамандығына алғашқы қадам жасаңыз 👨‍💻

"Терриконовая Долина" тегін екі күндік "Python-да телеграм бот әзірлеу" тақырыбындағы курсты бастайды! Спикер - Nexus Pro компаниясындағы Middle Backend Developer Денис Ахметов болады. Қатысушылар теорияны толықтай зерттейді және сарапшының бақылауымен өз боттарын жасау мүмкіндігін алады.

 

Сонымен-ақ курста келесі тақырыптар талданады:

-Python-дағы деректер түрлері

-циклдар

-шарттар

-функциялар мен декораторлар

-Телеграм бот қалай жұмыс істейді

-BotFather - бұл не және ол не үшін қажет

-Аiogram көмегімен қарапайым ботты қалай жазуға болады

-ботты "ақылды" етіп, логиканы қалай қосуға болады

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.