ASTANA INNOVATIONS
ACCELERATOR

Қазіргі заманғы қалалардың өзекті мәселелерін шешу үшін инновациялық технологияларды жасайтын стартаптар мен IT-компанияларға арналған халықаралық акселерациялық бағдарлама

Өтініш беру

БАҒДАРЛАМА БІРЛЕСІП ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

 

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ БАҒЫТТАР ТУРАЛЫ

Astana Innovations Accelerator — бұл қаланы дамытуға арналған шешімдерді әзірлеуге және енгізуге дайын технологиялық командаларға арналған қарқынды бағдарлама. 10 стартап өз өнімдерін қалалық мәселелерді шешу немесе жақсарту үшін интеграциялап, пилоттық сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады. Тағы 5 команда акиматтың технологиялық сұраныстары бойынша жаңа шешімдерді нөлден бастап әзірлеп, оларды нақты жағдайда сынап көреді.
Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Білім беру

Білім беру

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік

Абаттандыру және инфрақұрылым

Абаттандыру және инфрақұрылым

Көлік

Көлік

Экономика және бизнес

Экономика және бизнес

Экология

Экология

Туризм

Туризм

Өтінімдерді қабылдау аяқталуына дейін: 

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім жіберу

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Дайын шешіммен бағдарламаға қатыс.

Дайын өнімдері бар 10 команда өз жобасын масштабтау, жаңа клиенттер тарту және бизнес өсуін жеделдету үшін акселераторға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Һ

Жобаңды нөлден бастап әзірле.

 

5 команда Астана әкімдігі қойған нақты міндеттермен жұмыс жасай отырып, нөлден бастап бірегей шешімдер әзірлейді. Дайын өнімді басқа қалалар мен елдерге масштабтау үшін барлық құқықтарды сақтай отырып, елордада ғана енгізуге болады.
З
О

Шешімді Астана қаласында сынақтан өткіз

Ең үздік 15 команда Астана қаласында пилоттық жобаларды жүзеге асыруға іріктеледі.

5 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру ал

Пилоттық кезеңге өткен Ең үздік 10 стартап 5 000 000-ға дейін қаржыландыруды алады және SAFE келісімін жасайды.

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА НЕ КІРЕДІ

ТРЕКИНГ

Бас трекер стартаптың стратегиялық дамуын, басқару әдістерін анықтайды және бизнес динамикасын бақылайды. Желілік трекер стартапқа нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.

ВОРКШОПТАР

Бағдарлама қатысушылары стартаптар диагностикасына сәйкес өнімді дамыту бойынша топтық офлайн сабақтарға қатыса алады.

САРАПШЫЛАРМЕН СЕССИЯЛАР

Бизнесте табысқа жеткен саланың тәжірибелі сарапшыларына қол жеткізесіз. Олар маркетинг, қаржы, сату, MedTech, FinTech және басқа да салалардағы білімдерін ортаға салады.

НЕТВОРКИНГ ЖӘНЕ НАРЫҚҚА ШЫҒУ

Стартапыңыздың технологияларын енгізу және кері байланыс алу үшін мемлекеттік мекемелермен байланыс орнатасыз.

Мен қатысушы болғым келеді!

БАҒДАРЛАМАҒА ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

  • Онлайн тіркеу

    14 тамыз - 3 қыркүйек

    Электронды өтінішті толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу

  • Скрининг - диагностика

    3-10 қыркүйек

    Диагностика барысында үміткерлермен сұхбаттасу уақыты белгіленеді.

  • Қатысушылардың финалдық іріктеуі

    15 қыркүйек

    Бағдарламаға қатысатын 15 финалист жарияланады.

  • Бағдарламаның басталуы

    1 қазан

    Opening Day өтеді.

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Бағдарлама бір бағыты бойынша мәселені шешу

    Бағдарлама қаланың өзекті мәселелерін шешіп, шешімдерді одан әрі енгізуге арналған.

  • Жоба кезеңі

    Дайын шешіммен қатысу үшін:
    Сіздің өніміңіздің немесе жобаңыздың сатысы келесі деңгейлердің біріне сәйкес болуы керек:

    • MVP — минималды өміршең өнім;

    • PMF — өніміңіз тұрақты сатылымдар жасап жатыр;

    • Scale — өніміңізді жаңа нарықтарға сәтті масштабтап жатырсыз.

    Акиматтың техникалық тапсырмалары бойынша шешімді нөлден бастап әзірлеуге қатысу үшін дайын команда болуы қажет.

  • Қатысу форматы

    Бағдарлама Қазақстанның Астана қаласында офлайн форматта 2 ай бойы өткізіледі. Бағдарлама барысында жоба негізін қалаушысының тікелей қатысуы міндетті талапқа жатады.

  • Қатысушы команда мәртебесі

    Бағдарламаға әртүрлі елдерден келген компаниялар қатыса алады. Бірақ олар Қазақстанда тіркелген заңды тұлғаға ие болып, тек басым қызмет түрлерінен ғана табыс табуы керек.

FAQ

  • Бағдарлама қай тілде өтеді?

    Бағдарлама орыс тілінде өтеді.

  • Бағдарлама ұзақтығы қандай?

    Бағдарлама Demo Day-ды қоса алғанда 2 айға созылады.

  • Бағдарламаға қатысу құны қандай?

    Бағдарлама қатысушылар үшін толығымен тегін өткізіледі.

  • Ұшу және тұру шығындары өтеле ме?

    Бағдарлама қатысушылары Астана қаласында тұру, трансфер және тамақтану шығындарын өздері көтереді.

     
  • Бағдарламаға қатысу үшін компания CEO-сы Астанада физикалық тұрғыда болуы керек пе?

    Иә, бағдарламаға қатысу үшін компания CEO-сы Астанада үш ай бойы тұрақтауы қажет.

  • Сенбі күнгі трекшн кездесулеріне компанияның CEO-сының қатысуы міндетті ме?

    Иә, компания CEO-сы сенбі күнгі трекшн кездесулерге қатысуға міндетті.

     

Астана қаласы әкімдігімен пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін жіберіп алма!

2025 жылғы 3 қыркүйекке дейін өтінімді тапсырып үлгер

 

 

Қосымша сұрақтар туындады ма? 

Бағдарлама үйлестірушісімен байланысыңыз

Жабу