Astanahub Logo

AI'preneurs — стратегиялық ойлайтындар үшін алаң: әртүрлі елдердің үздік мамандары бірігіп, команда құрып, ауқымды AI-стартаптарды іске қосады.

 

Өтінім беру

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

01

БАЙЛАНЫСТЫРУ

Жоғары білікті және ынталы мамандардан тұратын ЖИ-қауымдастығын құру.

02

ІСКЕ ҚОСУ

ЖИ саласындағы стартаптарды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.

03

МАСШТАБТАУ

Түлектер жобаларын одан әрі масштабтау үшін толық қолдау көрсету.

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

AI'preneurs өнімдер мен бизнесті құруға, дамытуға және масштабтауға қатысатын мамандарға, сондай-ақ қазіргі және бұрынғы кәсіпкерлер мен стартаперлерге ашық. Негізгі критерий — статус емес, өнім жасап, нақты прогресс көрсете алу қабілеті. Қатысу конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асады.

Біз сараптамалық тереңдікті, стратегиялық ойлауды, шешім қабылдау жылдамдығын және нарыққа шығуға дайындықты бағалаймыз.

СТАТИСТИКА

960

өтінім

79

түлек

35

стартап

$400K

инвестиция

БАҒДАРЛАМА КЕЗЕҢДЕРІ

  • FOUNDER LAB

    Founder Lab (4 апта) — жеке қатысушыларға арналған AI’preneurs кезеңі, фаундерлік ойлау мен кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар бағдарламаға командасыз қосылып, практикалық жұмысқа негізделген құрылымдалған бағдарламадан өтеді.

    Процесс барысында мықты фаундерлер қауымдастығы қалыптасып, командалардың табиғи түрде құрылуына және AI’preneurs экожүйесінде одан әрі өсуіне жағдай жасалады.

  • CORE ACCELERATOR

    Core Accelerator (10 апта) — өз технологиялық өнімін жасап жатқан командаларға арналған бағдарламаның негізгі кезеңі. Негізгі назар гипотезаларды тексеруге, MVP әзірлеуге және алғашқы нарықтық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

  • DEMO DAY

    Demo Day — AI’preneurs бағдарламасының қорытынды іс-шарасы. Үздік командалар венчурлық қорлар, бизнес-періштелер және корпоративтік серіктестер алдында өз жобаларын таныстырады. Бұл капитал тартуға, пилоттық келісімдер жасауға және келесі даму кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

01

КОЛИВИНГ

Қатысушыларға бағдарламаның барлық кезеңінде ақысыз жайлы тұрғын үй беріледі.

02

КОВОРКИНГ

Топтық жұмысты жақсарту үшін бағдарламада арнайы кеңселер қарастырылған.

03

КОМЬЮНИТИ

Мықты кәсіпқойлар білім мен амбицияға негізделген қауымдастық құру үшін бірігеді.

МҮМКІНДІКТЕР

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қатысушылар AlemPlus — AI-шешімдерді әзірлеуге арналған цифрлық платформаға қол жеткізеді. Платформа бұлттық инфрақұрылымды, GPU-қуаттарын және жылдам прототиптеу мен MVP іске қосуға арналған құралдарды ұсынады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Түлектер Astana Hub хабтарының Dubai, Shanghai және United States аумақтарындағы желісі арқылы халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігіне ие болады — soft landing қолдауымен және жергілікті экожүйе, клиенттер мен серіктестер бойынша консультациялармен.

ҚАРЖЫЛАУ

AI'preneurs үздік командалары SAFE үлгілік келісімшартының талаптарына сәйкес алдын ала бастапқы инвестицияларды алады.

ASTANA HUB PERKS

Astana Hub стартаптарға бұлттарды, маркетплейстерді және басқа ресурстарды ұсынатын 30-дан астам технологиялық компаниялармен ынтымақтасады.

СЕРІКТЕСТЕР

AI'PRENEURS ТҮЛЕКТЕРІ

Алибек Абдеков

CEO AVM

AIpreneurs — біздің алғашқы акселерациялық бағдарламамыз болды және үлкен серпін берді: сарапшылардың қолдауы, трекинг, ресурстар мен бастапқы кезеңдегі қаржыландыру бізге өмір сүруге, бейімделуге және өсуге көмектесті. Біз пивот жасағанмен, өнімді қалай валидациялау және клиентпен жұмыс істеу керектігін үйрендік. Әр қадамда қолдау көрсеткен Аружан мен Василийге алғыс. AIpreneurs — стартап әлеміне кіру үшін керемет мүмкіндік!

Айгерим Нургалиева

CEO STIKER.AI

AIpreneurs — мен қатысқан ең құрылымды әрі нәтижеге бағытталған акселераторлардың бірі. Екі балам, екі жұмыс істеп тұрған бизнесім және ауыр жылға қарамастан, мен идеяны өнімге айналдырып, команда жинап, алғашқы сатуларды жасап, АҚШ нарығына шықтым. Бұл бағдарлама тек білім емес, тұрақсыз кезеңде де әрекет етуге мүмкіндік беретін орта. Astana Hub-қа сенім мен қолдау үшін алғыс. Қазақстанның стартап экожүйесінің бір бөлігі болу — мақтаныш.

Закиржан Айсабаев

CEO re:create

AIpreneurs — бұл жерде әзірлеушілер кәсіпкерге айналады. Мен қарапайым программист болып келіп, бизнес ойлайтын Tech-Founder ретінде шықтым. Клиентті тыңдауды, идеяны ұсынуды, сату жасауды, инвестор алдында сөйлеуді және бизнес үшін толық жауапкершілік алуды үйрендім. Бұл мен үшін қайтарымсыз нүкте болды. Ойлауымды және кәсіби жолымды өзгерткен бұл сапарға ризамын.

AI'preneurs-пен өз идеяңды инновациялық өнімге айналдыр

өтінім беруге қалған уақыт

0 Күн
0 Сағат
0 Минут
0 Секунд
Өтінім беру

FAQ

  • AI'preneurs бағдарламасы қандай форматта өтеді?

    Бағдарлама Қазақстанда Астана қаласында офлайн форматта өтеді.

  • Бағдарлама қанша уақытқа созылады?

    Бағдарлама ұзақтығы 14 апта.

  • Егер мен Астанадан болмасам, бағдарламаға қатыса аламын ба?

    Иә, сіз қатыса аласыз. Astana Hub қаладан тыс қатысушыларға бағдарламаның 2-ші кезеңіде (Core Accelerator) тұрғын үй береді.

  •  Егер менде команда болмаса, бағдарламаға қатыса аламын ба?

    AI'preneurs бағдарламасына жеке тұлғалар қабылданады. Команданың болуы міндетті шарт емес.

  • Бағдарламаға қатысу қанша тұрады?

    Бағдарламаға қатысу тегін, тек іріктеуден өту жеткілікті.

  • Бағдарламаға қалай іріктеуден өтуге болады?

    Іріктеуден өту үшін:

    1) өтінім нысанын толтыру

    2) скрининг кезеңінен өтіңіз

    3) сұхбат форматында өтетін диагностика кезеңінен өтіңіз.

  • Егер менде әлі стартап-жоба идеясы болмаса, өтініш бере аламын ба?

    Иә. Іріктеуден өту үшін маңызды критерий қатысушының кәсіби тәжірибесі және бағдарламаға белсенді қатысу болып табылады.

  • Командаларды қаржыландыру бола ма?

    Бағдарлама шеңберінде құрылған үздік командаларды Astana Hub ventures венчурлік қоры қаржыландырады.

  • Өнімді қай бағытта жасауға болады?

    Бағдарлама AI-бағытта жаңа стартап-жобаларды құруға бағытталған. Тиісінше, бағдарлама аясында командалар тек AI технологияларын қолдана отырып өнімдер жасай алады.

БАЙЛАНЫС