Sales Bootcamp

Сатылымды ұлғайту және жаңа нарықтарға шығуға арналған 8 апталық интенсивті бағдарлама

Өтініш беру

Бағдарлама туралы

Sales Bootcamp — сатылым жүйесін масштабтауға және жаңа деңгейге шығуға ұмтылатын стартаптарға арналған 8 апталық қарқынды бағдарлама. Бағдарлама барысында қатысушылар өздерінің қазіргі сатылым үдерістерін диагностикалаудан бастап, сату воронкасын оңтайландыруға және өсу стратегиясын әзірлеп, оны енгізуге дейінгі жолды өтеді. Әр апта сайын сарапшылар тарапынан талдау мен жеке сүйемелдеу ұсынылады

8 Апта 100+ сатылым Трекерлер мен сарапшылар

Бағдарлама құрылымы

Жеке трекер

Сатылым толық бақылауда: мақсаттар, воронка, ілгерілеу — апта сайынғы талдау

Жеке сессиялар

Қажетіңізге қарай: өнімді орау, сату скрипттері, CRM жүйесі, клиенттермен жұмыс

Мастер-класстар мен мастермайндтар

Кәсіпкерлер тәжірибесі — сүзгісіз де, теориясыз

Сатылым бойынша супервизиялар

Топтық талқылаулар — жетекші трекерлер мен фасилитаторлармен бірге

Sales Bootcamp 2024 нәтижелері

96 479 833 ₸

6 апта ішінде
қатысушылардың жалпы сатылым көлемі

🚀

8 стартап жаңа даму кезеңіне өтті

📈

23 жобада сатылымның сызықтық өсуі байқалды

🌍

11 стартап шетелдік нарықтарға шықты

💼

18 адам жұмыспен қамтылды

💸

18 млн ₸ таза пайда

6 стартап бағдарлама аясындағы барлық мақсаттарына жетті

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Бағдарлама сатылымын арттырып, жаңа деңгейге ұмтылатын мақсатшыл командаларға ашық

1

ЖСН и ЭЦҚ
ҚР-ның бейрезиденттерін қоса алғанда, барлық азаматтарға қолжетімді

2

Жасы 16-дан бастап
Осы жасқа толған барлық азаматтар қатыса алады

3

IT-компонент
Жоба цифрлық технологиялармен байланысты болуы керек

4

MVP деңгейінен бастап
Клиенттері немесе алғашқы сатылымдары бар жобаларға арналған

5

Инкубация сертификаты
Міндетті емес, бірақ іріктеу кезінде артықшылық береді

Қатысқым келеді

Біздің сарапшылар

Даниил Мацкевич

Даниил Мацкевич

Squares & Squares Pass компаниясының CMO-сы және теңқұрушысы, Forbes 30 under 30 тізіміне енген. Growth стратегиялар мен product-market fit саласындағы сарапшы, 150-ден астам стартаптың менторы, 500 Global және Antler бағдарламаларының түлегі.

Ержан Асанов

Ержан Асанов

Acro компаниясының теңқұрушысы және CEO-сы — сайттарды жекелендіруге арналған жасанды интеллект платформасы. Бұрын Apple компаниясында (Maps, iOS) өнім менеджері болған. Carnegie Mellon университетінің түлегі, Alchemist Accelerator мен Draper University бағдарламаларына қатысқан.

Виталий Ярема

Виталий Ярема

Web2, Web3 және DeFi салаларында 13+ жылдық тәжірибесі бар маркетолог. Крипто-жобаларға (P2E, iGaming) маманданған, стартаптарға халықаралық өсу мен маркетинг стратегияларын құруға көмектеседі.

Ақбота Мұса

Ақбота Мұса

Техникалық кәсіпкер, Bilimber қосымшасының негізін қалаушы (700K жүктеу). 500 Global түлегі, өнім әзірлеу саласының сарапшысы. Lyka (10M+ пайдаланушы) және Antler (Сингапур) компанияларында жұмыс істеген.

Нұрмұхаммед Бекжан

Нұрмұхаммед Бекжан

Avito, Parqour және Kolesa Group компанияларында тәжірибесі бар өнім менеджері. Жалдау, автотұрақ және маркетплейс салаларында өнімдер іске қосқан, көрсеткіштерді 80–100%-ға дейін арттырған.

Валерий Маюшкин

Валерий Маюшкин

Astana Hub пен Сколково резиденті — ЮР-ЛИ компаниясының CEO-сы, $750 мың инвестиция тартқан. B2B сату және маркетинг саласындағы сарапшы, АКАР нұсқасы бойынша маркетинг директорларының ТОП-3-іне енген.

Марат Шакен

Марат Шакен

The Tech негізін қалаушы, IT-шолушы және PR-кеңесші. 13 жылдық стартаптар тәжірибесі бар, 100-ден астам сұхбат жүргізген. Astana Hub пен nFactorial-дың бұрынғы PR-директоры.

Қасым Қабылғали

Қасым Қабылғали

Squares.kz компаниясының теңқұрушысы, Forbes 30 Under 30 тізіміне енген. Яндекс Такси мен DayBreakHotels компанияларында жұмыс істеген, 500 Global бағдарламасының түлегі.

Леонид Ларшин

Леонид Ларшин

Executive-трекер, Жоғары экономика мектебінің (ВШЭ) оқытушысы, Agile-коуч. Яндекс пен Lycos компанияларында өнімдер жасаған, 2020 жылдың үздік трекері, 400-ден астам командамен жұмыс істейді.

Меруерт Тлеубергенова

Меруерт Тлеубергенова

12+ акселератор, 70+ стартап пен халықаралық әріптестіктерді (Astana Hub, EBRD, Shell) іске қосқан тәжірибесі бар Venture Program Lead және жаһандық өнім менеджері.

Sales Bootcamp аясындағы серіктестік интеграция

Біз сатылымды күшейтетін, тәжірибе арқылы тез нәтиже беретін сенімді сервистерді серіктестікке шақырамыз. Біз тек демо-нұсқаның өзінде стартаптарға пайдасын тигізетін нақты құралдармен жұмыс істейміз

📞

Автоматтандырылған қоңыраулар мен дауыс боттары

📧

Хат тарату жүйелері мен outreach платформалар

📊

SEO, жарнама және аналитика

🛠️

CRM, автоматтандыру, воронканы қадағалау

Контент платформалар

Сіз не аласыз

  • Сатылыммен айналысып жатқан стартаптармен тікелей байланыс
  • Бағдарлама аясында сіздің командаңыздан мастер-класстар мен практикалық сессиялар
  • Тест-доступтар арқылы аудиторияны тарту
  • Astana Hub экожүйесі арқылы беделді позициялау
  • Ұсынылатын тұрақты провайдер болу мүмкіндігі

Серіктеске қойылатын талаптар

  • Құралдың дәлелденген тиімділігі (кейс, демо, тәжірибе)
  • Пилотқа қатысуға және кері байланыспен жұмыс істеуге дайындық
  • Қатысу кезеңіне арналған эксклюзивті шарттар
Серіктес болу

Жиі қойылатын сұрақтар

Sales Bootcamp — бұл 8 аптаға арналған қарқынды бағдарлама.

Бағдарлама толықтай онлайн өтеді.

Іріктеу екі кезеңнен тұрады: өтінімді алдын ала скринингтеу және диагностикалық сұхбат.

Бағдарламаға іріктелген командалар үшін қатысу тегін.

Осы programs@astanahub.com, мекенжайына хабарласыңыз — біз әрқашан көмектесуге дайынбыз.

ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ

13 шілде 2025, 23:59

Бізбен байланысыңыз

Бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
Telegram-чатқа қосылып, Sales Bootcamp үйлестірушілеріне тікелей сұрақ қойыңыз.

Telegram-чатына өту

📍 Мекенжай:
Мәңгілік Ел даңғылы 55/8, Есіл ауданы, 010000, Астана, Қазақстан

✉ Email:
programs@astanahub.com

📱 Instagram:
@astana.hub

Жабу