logo

Abai IT-Valley

«Abai IT-Valley» аймақтық технологиялық кластері

8 Курстар • 26 Квот

  • Абай ауданы, Семей қ. Абай 107

Мектеп туралы

Толығырақ Abai IT-Valley

«Abai IT-Valley» – IT саласындағы біртұтас коммуникациялық кеңістік. ⠀ Жоба Семейде Ә.Бөкейханов атындағы университет базасында: ⁃ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ⁃ «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі; ⁃ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы; ⁃ Семей қаласының іскер топ өкілдерінің қолдауымен жасалған. ⠀ Біздің міндетіміз – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы адами капиталды іздеу, шоғырландыру, қолдау және дамыту. ⠀ Біздің мақсатымыз – өңірде озық индустриялық-инновациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдай жасау. ⠀ «Abai IT-Valley» жұмысының негізгі бағыттары: ⁃ оқыту (соның ішінде «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бағдарламалары бойынша); ⁃ талантты және болашағы зор стартаптарды іздеу және қолдау; ⁃ мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен ынтымақтастық.

  • IT мектеп

    Абай облысының жалғыз өңірлік технологиялық кластерінің ішінде орналасқан мектеп.

  • Жұмысқа орналастыру

    Біздің курстардың барлық қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмектесу.

  • Заманауи технологиялар

    Аудитория заманауи техникамен жабдықталған.

  • Бақылау

    Стартап жобаларын ілгерілету. Сіз оқытуға қатысты кез келген мәселелер бойынша кері байланыс, қолдау және кеңес алу арқылы басқа оқушылармен және оқытушылармен байланысып, ынтымақтаса аласыз.

Abai IT-Valley