2023 жылғы ең мықты стартаптар: жеңімпаздардан кеңес және инсайт

Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарк Astana Hub отандық нарықтағы стартаптарды қолдау және дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар мен сайыстар ұйымдастырып келеді. Солардың ішінде ең танымалы – стартап батлдар


Биыл стартапшылар арасында кең танылған топ-5 жарыс: Digital Almaty 2023 аясындағы Astana Hub Battle, AI Battle, Space Tech Battle, Defence Tech Battle және Digital Bridge 2023 аясындағы Astana Hub Battle.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Forbes.kz осы сайыстардың жеңімпаздарын әңгімеге тартып, стартап әлемінің құпиясымен танысқан болатын.

«Масштабты жұмысқа дайын болуымыз керек»

Digital Almaty 2023 халықаралық форумы аясында өткен Astana Hub Battle сайысына қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Норвегия, Чехия, Әзірбайжан, АҚШ, Үндістан сынды елдердің стартаптарынан өтініш түскен. 250 үміткердің арасынан жүйрік шыққан қазақстандық стартапшы Мақсат Қадыров бұл сайысқа Kwaaka жобасын ұсынып, жеңімпаз атанды.

- Біздің мақсатымыз – бизнес барысындағы барлық тапсырыс процестерін автоматтандыру. Бұл проблемаға біз қалай келдік? Нарықта «планшеттер хаосы» деген мәселе бар. Яндекс, Glovo, Wolt секілді агрегаттар әр мейрамханаға планшеттерін береді. Оған қоса мейрамхананың касса жүйесін реттейтін бөлек планшет тағы бар, яғни реттеуші оператор бірден төрт экранды бақылап отыруы тиіс. Ал біз – осы процестердің бәрін бір жерде, ортақ экранда болуын жасап береміз. Тапсырыстар барысы, мейрамхана мәзірі, қоймада қандай тауарлар жетпейді – барлық мәліметті бір жерде жинақтап, бір планшеттен бақылап отыруға болады, - деп түсіндіреді Мақсат өзінің Kwaaka атты жобасының мәнісін.

Бұл жоба қандай өзгерістерге дайын болуы керек?

- Жыл өткен сайын нарық ішінде тапсырыспен дайын тағам алдыруға деген сұраныс өсе бермек, өйткені адамдар тамақ әзірлеуге уақыт бөлгенше, онлайн-тапсырыс берген тиімді екенін түсінеді. Сол кезде мейрамханалардың жұмысы көбейіп, тапсырыс қызметі кең ауқым алады. Мысалы, Сауд Арабиясында дайын асқа күніне бір миллиондай тапсырыс түсіп жатады. Біз осындай масштабта жұмыс істеуге әзір болуымыз керек.

Сіздіңше, стартап идея іске асуы үшін нені ескеру қажет?

- Біріншіден, сіздің идеяға сұраныс болуы маңызды және де сұраныс бар екенін жай сөзбен емес, алғашқы тапсырыстардан түскен пайдамен дәлелдеу керек. Әлеуетті инвесторға нақты деректер ұсынып сөйлеген жөн. Біз маңызды мәселелерді айтып үлгеру үшін презентацияның әр слайдына жеке-жеке дайындалып, кеткен уақытты тайм-трекермен есептедік. Әртүрлі идеяға байланысты стартапты алға тартатын нәрсе болады. Kwaaka үшін ол – сату көрсеткіші, - дейді Мақсат Қадыров.

Мақаланың толық нұсқасы forbes.kz сайтында 

Комментарии 5

Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий

Өте керемет!

Ответить

👍👍👍

Ответить

👍👍

Ответить

Жарайсын! 👍

Ответить