Наурыз құтты болсын!
Халқымызда ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрам - Наурыз мерекесі! Бұл мейрам көктем мезгілінің алғашқы айы Наурыз айының 21-23 күндері тойланады. Бұл күн - күн мен түннің теңелетін күні. Бұл мейрам әртүрлі тарихи кезеңдердің төңірегінде сан мәрте рет ұмытылып кетуге сәл қалған қақтығыстардан ұмытылмай, түлеп шығып, мәдениетімізді жаңғыртқан дәстүрлі мейрамның бірі.
Наурыз - түркі мемлекеттерінің арасында таралған ең көне мейрамдардың бірі. Наурыз мейрамы халқымыз үшін жаңа жылдың бастауы! Адамдар көктемнің келісімен бір-бірімен қауышып, төс қағыстырып, бір-бірлерін ренжіткен болса кешірім сұрап, бір-бірлеріне қонақ болып, "қыстан аман шықтық-ау" дегендей бар дәмімен 7 түрлі дәмнен тұратын наурыз көше ішіп, той тойлайды.
Бұл мейрам - адамдарды бір-бірімен жақындастыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұлан асыр той тойлауға лайықты себеп болып табылатын мейрам.
Ал енді, барша қазақ халқын дәл осы күн мен түннің теңелетін, "жаңа күн" бастау алатын мейрамымен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Комментарии 1
Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий
Аян Кемел · Март 26, 2024 12:24
Рақмет!