Ақтауда Mangystau Hub базасында жоғары технологиялы 3D-зертхана ашылды
Маңғыстау облысында жаңа технологиялық жоба іске қосылды – өңірлік Mangystau Hub алаңында заманауи 3D-зертхана өз жұмысын бастады. Бұл бастама жастардың инженерлік әлеуетін дамыту мен цифрлық өндіріс саласындағы стартаптарға жағдай жасауға бағытталған.