Digital Bridge-2022: ІТ-вакансиялар жәрмеңкесінде 500-ден астам бос орын ұсынылады
Қазақстан астанасында 28-29 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі өтеді. EXPO көрме орталығының алаңында халықаралық және қазақстандық ІТ-компаниялар жұмыс іздеушілерге ақпараттық технологиялар, Data science, blockchain саласы бойынша 500-дей вакансия ұсынады.