«ASTANA HUB JOB FAIR 2022»: елордада IT саласындағы бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Ізденушілер ASTANA HUB JOB FAIR 2022 бос орындар жәрмеңкесі кезінде халықаралық және қазақстандық IT компаниялардың бос жұмыс орындарына қол жеткізе алады. Іс-шара 14 және 15 шілдеде онлайн және офлайн форматта өтеді.


Жәрмеңке жұмыс істеп жатқан, бірақ жұмыс орнын өзгерткісі келетіндер үшін, сондай-ақ жаңа жобаларды іздейтін әлемнің түкпір-түкпірінен келген фрилансерлер үшін пайдалы болмақ. Сонымен қатар, жаңадан бастаған мамандар өздері үшін IT саласында жұмыс таба алса, ал студенттер тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар.

«Бүгінде біз жұмыс берушілер тарапынан белсенділікті көріп отырмыз. Бұл білікті мамандарға деген қажеттілік бар екенін көрсетеді. Astana Hub өзінің стартап – қатысушылары үшін түрлі жағдай жасайды, бұл іс-шара тағы бір мүмкіндікке айналады: біреулері арманындағы жұмыс іздеуде, ал басқалары үшін - талантты кадрлар таба алады», - деп атап өтті Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры Дания Ахметова.

Ақпараттық технологиялар саласындағы осы ірі мансаптық іс-шараға қатысу үшін өтінімдер Astana Hub сайтында беріледі, жәрмеңкенің алғашқы күні ғана бос жұмыс орындары қолжетімді болады. Ол үшін хаб платформасында әрбір жұмыс берушіден виртуалды бос жұмыс орындары стендтері құрылады. Келесі күні офлайн-ивентте ізденушілер жетекші IT-компаниялардың өкілдерімен танысып, мансаптық мүмкіндіктер туралы толығырақ біле алады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін