Tech Orda 2024 бағдарламасына жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркі базасында жүзеге асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасына жекеменшік IT-мектептерден өтінім қабылдау мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз. Енді IT-мектептер өтінімді 15 сәуірге дейін astanahub.com платформасында қалдыра алады.