Астана инновациялар іздейді: Astana Smart City атты жаңа акселерациялық бағдарлама іске қосылды
Астана қаласы әкімдігі Astana Hub және Астана Innovations-пен бірлесіп Astana Smart City акселераторы іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама мақсаты – қалалық ортаны жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және озық технологияларды пайдаланып, қала міндеттерін шешуге бағытталған инновациялық стартап-жобаларды енгізу.