«Қазақстан халқына» қорының өкілдері Astana Hub технопаркінің жұмысымен танысты

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушылары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдеріне инновациялық жобалары туралы айтып берді. Кездесуге қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев және Astana Hub дамыту және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Абай Әбсамет қатысты.


Ұсынылған жобалардың арасында талапкерлерге арналған Jоо сервисі, ол түлектерге грантқа түсуге мүмкіндік береді. Жүйе Ұлттық бірыңғай тестілеуде алынған балдарды талдап, қай ЖОО-ға және қандай мамандық бойынша түсуге болатынына бағыт береді.


 Сондай-ақ, қашықтан оқытудың арзан және тартымды құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін FocusED жобасы. Және оқушыларды IoT конструкторлары мен мобильді ойындары арқылы бағдарламалауға үйрететін CodiPlay жобасы мен білім беру саласына арналған робототехниканы шығаратын Болашақ инженерлер жобасы.


Сонымен қатар, қонақтар Alem бағдарламалау мектебінің жұмысымен, Big Dream, Rocket, Vardix жобаларымен танысты, олардың өкілдері де өздерінің IT-шешімдерін ұсынды.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін