Қазақстандық JolQal.ai стартабы Build with AI for Sustainable Growth байқауында Орталық Азия мен Кавказдағы ең үздік жоба деп танылды
Қазақстандық студенттер әзірлеген жоба – JolQal.ai стартабы StrategEast ұйымы Google-мен әріптестікте және Astana Hub пен USAID Болашақ өсу бастамасының қолдауымен ұйымдастырған жаһандық байқауда жеңімпазы атанды. Build with AI for Sustainable Growth бағдарламасы жасанды интеллектіні тұрақты дамудың мәселелерін шешуге бағыттап, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия стартаптары мен әзірлеушілерінің басын қосты.